Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 2 сентября 2015 года № 376 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры»

Қаулы · № 140 · қабылданған 02.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-376-ekb-120881/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 2 сентября 2015 года № 376 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры» Күшін жойған Қаулы ·№ 140 ·02.04.2018
24.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 2 сентября 2015 года № 376 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры»

Күшін жойған Қаулы ·№ 140 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 2 сентября 2015 года № 376 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 376 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
02.04.2018
Көрсетілген редакция
24.01.2020 120881_441490.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0007713
ЭКБ идентификаторы
120881
Редакция идентификаторы
120881_441490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:00

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 376 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 376 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5922 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 және 4-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген) нысаны бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) не болмаса Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген) бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса берілген нысан бойынша өтінішті не болмаса көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің қабылдауы болып табылады.».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы