Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 4-2/602 «Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений»

Бұйрық · № 408 · қабылданған 09.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-4-2602-ekb-175322/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 4-2/602 «Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений» Қолданыста Бұйрық ·№ 408 ·09.12.2022
09.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 4-2/602 «Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 408 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 4-2/602 «Об утверждении Правил проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
408
Қабылданған күні
09.12.2022
Көрсетілген редакция
09.12.2022 175322_609903.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031075
ЭКБ идентификаторы
175322
Редакция идентификаторы
175322_609903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:08

0 «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.
39. Мемлекеттік комиссияның кеңсе маманы өтінім мен Тізбеде көрсетілген құжаттар мен материалдар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындау үшін Мемлекеттік комиссияның басшысына жібереді.
Мемлекеттік комиссияның кеңсесінде өтінімнің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік комиссияның жауапты орындаушысы өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Тізбеде көрсетілген құжаттар мен материалдар Мемлекеттік комиссияға сұрыптың атауын көрсете отырып (егер атауы айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, жіберіледі. Сұрыптың атауы көрсетілмеген құжаттар (егер атауы айқындалмаса – селекциялық нөмірі) қаралмай, өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кері қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Мемлекеттік комиссия көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым туралы хабарлама осы Қағидалардың 49-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға өтінімді қабылдау туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Мемлекеттік комиссияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік комиссия оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік комиссия шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 408 бұйрығына
қосымша
Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық
сынақтан өткізу қағидаларына
6-қосымша
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына
мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның сұ­рып­та­рын сы­нау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ко­мис­си­я­ның (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік ко­мис­сия) кең­се­сі;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – веб-пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік сұ­рып сы­на­ғы­ның де­ректе­рі бой­ын­ша сұ­рып­ты ша­ру­а­шы­лық­қа пай­да­лы­лы­ғы­на сы­нақ­тан өт­кі­зу та­нап­тық тә­жі­ри­бе­лер отыр­ғы­зы­л­ған күн­нен ба­стап мы­на­дай мер­зім­дер­де жүр­гі­зі­ле­ді:
дән­ді, дән­ді-бұр­шақ­ты, жар­ма, май­лы, тех­ни­ка­лық, иіру, бір жыл­дық азық­тық, кө­кө­ніс, бақ­ша да­қыл­да­ры, гүл­ді-сән­дік да­қыл­дар және кар­топ бой­ын­ша – ке­мін­де екі ве­ге­та­ци­я­лық ке­зең;
көп жыл­дық шө­птер бой­ын­ша – пай­да­ла­ну­дың ке­мін­де екі цик­лі;
же­міс, жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім бой­ын­ша – ке­мін­де екі ша­ру­а­шы­лық тү­сім.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тү­рі
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) неме­се қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық неме­се қа­ғаз тү­рін­де.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) веб-пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Бел­гі­лен­ген жұ­мыс уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығ­ы­нан тыс өті­нім­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты­ның гра­фи­гіне сәй­кес бел­гі­лей­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на ин­тер­нет-ре­сур­ста ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
1) Мем­ле­кет­тік ко­мис­си­я­ның – www.​gco​msor​t.​kz;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің – www.​gov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
1) осы Тіз­бе­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша се­лек­ци­я­лық же­ті­стікті ша­ру­а­шы­лық­қа пай­да­лы­лы­ғы­на сы­на­у­ға ар­нал­ған өті­нім;
2) се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктің са­у­ал­на­ма­сы (ти­іс­ті да­қы­л­ға ар­нал­ған ны­сан бой­ын­ша);
3) ти­іс­ті тек­те­рі мен түр­ле­рі үшін се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктің си­патта­ма­сы;
4) гүл­дер­дің, гүл шо­ғыр­ла­ры­ның, өсім­дік­тер­дің ре­про­дук­тив­тік бө­лік­те­рі­нің және ша­ру­а­шы­лық­та пай­да­ла­ну фа­за­сын­да қа­лып­ты да­мы­ған өсім­дік­тің сұ­рып ата­уы (егер аты ай­қын­дал­ма­са, он­да се­лек­ци­я­лық нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді) көр­се­ті­л­ген мас­шта­б­ты сыз­ғы­шы бар фо­то­гра­фи­я­ла­ры;
5) өті­нім бе­ру­ге құқық­ты рас­тай­тын құ­жат (құқық­тық ми­рас­қор­лар және дел­дал­дар үшін);
6) сын­ақ­қа бе­рі­ле­тін сұ­рып­та ге­не­ти­ка­лық түр­лен­ді­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы құ­жат не ге­не­ти­ка­лық түр­лен­ді­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің құ­ра­мы­на жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі (ше­тел­дік се­лек­ци­яда­ғы сұ­рып­тар үшін).
Веб-пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де:
1) осы Тіз­бе­ге қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған се­лек­ци­я­лық же­ті­стікті ша­ру­а­шы­лық­қа пай­да­лы­лы­ғы­на сы­на­у­ға ар­нал­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­нім;
2) се­лек­ци­я­лық же­ті­стік са­у­ал­на­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ти­іс­ті да­қы­л­ға ар­нал­ған ны­сан бой­ын­ша);
3) ти­іс­ті тек­тер мен түр­лер үшін се­лек­ци­я­лық же­ті­стік си­патта­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) элек­трон­дық фор­мат­та гүл­дер­дің, гүл шо­ғыр­ла­ры­ның, өсім­дік­тер­дің ре­про­дук­тив­тік бө­лік­те­рі­нің және ша­ру­а­шы­лық­та пай­да­ла­ну фа­за­сын­да қа­лып­ты да­мы­ған өсім­дік­тің сұ­рып ата­уы (егер аты ай­қын­дал­ма­са, он­да се­лек­ци­я­лық нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді) көр­се­ті­л­ген мас­шта­б­ты сыз­ғы­шы бар фо­то­гра­фи­я­ла­ры;
5) өті­нім бе­ру құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (құқық­тық ми­рас­қор­лар мен дел­дал­дар үшін);
6) сын­ақ­қа бе­рі­ле­тін сұ­рып­та ге­не­ти­ка­лық түр­лен­ді­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің жоқ екен­ді­гі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі не ге­не­ти­ка­лық түр­лен­ді­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің құ­ра­мы­на жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі (ше­тел­дік се­лек­ци­яда­ғы сұ­рып­тар үшін).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның сұ­рып­ты сы­нақ­тан өт­кі­зу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, сұ­рып­ты сы­нақ­тан өт­кі­зу үшін қа­жет­ті де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі № 4-2/602 бұй­ры­ғы­мен (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11879 тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өсім­дік­те­рі­нің сұ­рып­тық сы­на­ғын жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті веб-пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар және «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры веб-пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

1 Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынауға арналған өтінім

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
шаруашылыққа пайдалылығына
мемлекеттік сынау» мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, «Іскер» бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)
Өтінім нөмірі
Тіркелген күні
Нысан
Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынауға арналған өтінім
Өтініш беруші(лер)________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ____________________________________________________
Почталық мекенжайы ___________________________________________
_______________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ________________
Селекциялык жетістік оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу үлесі,
процентпен
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы)_________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы)_________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы)________________________________________
Ұсынылып отырған атауы________________________________________
Селекциялық нөмірі_____________________________________________
Автор(лар) (егер, автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса)
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Үй­і­нің ме­кен­жайы
Қа­ты­су үле­сі, про­цент
Мен­де­гі (біз­де­гі) бар ақ­па­рат бой­ын­ша бас­қа ав­тор­ла­ры жоқ
Ал­дың­ғы өті­нім­дер
Тір­кел­ген
Өті­нім нө­мі­рі
Ке­зе­ңі
Қан­дай ата­у­мен
елі
кү­ні
Қор­ғау­ға бе­ру­ге
Ша­ру­а­шы­лық­қа пай­да­лы­лы­ғы­на сы­на­у­ға
Мен (біз) бірінші өтінімде берілген материал осы сұрыпты білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз)
Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары
Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынақ жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарауға қажетті және осы өтінім мен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін (міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сұрыптың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын (мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сұрыптың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін (міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
__________________ ___________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________

Қолданыстағы