Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70 «Об утверждении Правил назначения и проведения аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры»

Бұйрық · № 8 · қабылданған 04.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-70-ekb-139320/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70 «Об утверждении Правил назначения и проведения аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры» Қолданыста Бұйрық ·№ 8 ·04.02.2020
04.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70 «Об утверждении Правил назначения и проведения аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры»

Қолданыста Бұйрық ·№ 8 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70 «Об утверждении Правил назначения и проведения аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
04.02.2020
Көрсетілген редакция
04.02.2020 139320_442584.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019979
ЭКБ идентификаторы
139320
Редакция идентификаторы
139320_442584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:09

0 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – кәсіпорын) басшысын конкурстық іріктеу, тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін регламенттейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне алынған, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысы лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын адамдарға қолданылмайды.».

2 2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы