Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 752 «Об утверждении некоторых методик уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и регулируемых рынков»

Бұйрық · № 17 · қабылданған 23.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-752/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 752 «Об утверждении некоторых методик уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и регулируемых рынков» Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 ·23.01.2017
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 752 «Об утверждении некоторых методик уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и регулируемых рынков»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 17 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 752 «Об утверждении некоторых методик уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и регулируемых рынков»
Атауы (қаз.)
«Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
23.01.2017
Көрсетілген редакция
22.05.2020 110070_485535.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014830
ЭКБ идентификаторы
110070
Редакция идентификаторы
110070_485535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:23

0 «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12866 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы
9 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы
17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 26 қаңтар

Қолданыстағы