Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 980 «Об утверждении Инструкции о возмещении затрат военнослужащим Национальной гвардии Республики Казахстан и военно-следственных органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин), прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, на обучение в организациях высшего и (или) послевузовского образования

Бұйрық · № 622 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2015-no-980/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 980 «Об утверждении Инструкции о возмещении затрат военнослужащим Национальной гвардии Республики Казахстан и военно-следственных органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин), прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, на обучение в организациях высшего и (или) послевузовского образования Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 980 «Об утверждении Инструкции о возмещении затрат военнослужащим Национальной гвардии Республики Казахстан и военно-следственных органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин), прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, на обучение в организациях высшего и (или) послевузовского образования

Күшіне енбеген Бұйрық № 622 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 980 «Об утверждении Инструкции о возмещении затрат военнослужащим Национальной гвардии Республики Казахстан и военно-следственных органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов (старшин), прослужившим не менее восьми лет в календарном исчислении, на обучение в организациях высшего и (или) послевузовского образования
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
622
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
19.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229725_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039814
ЭКБ идентификаторы
229725
Редакция идентификаторы
I229725_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.09.2026 03:32
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
2 желтоқсандағы № 980 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12808 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша (бұдан әрі – ЖБҰБББ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1

«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша (бұдан әрі – ЖБҰБББ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық бекітілсін.»;
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша (бұдан әрі – ЖБҰБББ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнын

Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 622 Бұйрыққа
қосымша
Казақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 980 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша (бұдан әрі – ЖБҰБББ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша (бұдан әрі – ЖБҰБББ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының қатардағы және сержанттар құрамының лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – әскери қызметші) Қазақстан Республикасының ЖБҰБББ ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.

2. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу

2. Осы құқықты әскери қызметші оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет пайдалана алады.

3. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеме басшысының (әскери бөлім командирінің) атына жазбаша баянат береді және осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген шығындарды өтеуге арналған құқығын растайтын құжаттарды ұсынады:

4. Әскери қызметші оқуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы баянатқа қоса ұсынатын құжаттардың тізбесі:

Заңның 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті лауазымды адамның ЖБҰБББ түсуге келісімі туралы құжаттың көшірмесі;
еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама;
білім беру қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;
ректордың ЖБҰБББ қабылдау туралы бұйрығынан үзіндісі;
оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі.

5. Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу ұсынылған құжаттарды мемлекеттік мекеменің (әскери бөлім) заң және қаржы органы тексерген соң мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) бастығы бұйрығының негізінде жүргізіледі.

Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрық әскери қызметшінің оқуға жұмсалған шығынды өтеу туралы баянаты тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шығарылады.

6. Ақшалай қаражатты өтеу мемлекеттік мекеме бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрыққа қол қойған күнінен бастап бір ай ішінде алушылардың тұрғылықты жері бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке немесе ағымдағы шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

7. Оқуға жұмсалған шығынды өтеуден бас тартуды әскери қызметші қабылданған шешімдер мен әркеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

8. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) қаржы қызметі әскери қызметшінің жеке ісіне қосу үшін мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметіне осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіге оның құқығын іске асыру шеңберінде нақты жүргізілген төлемдер туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) басшысының оқығаны үшін ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрығынан үзінді көшірме және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

9. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда ЖБҰБББ оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтейді.

10. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметі:

1) әскери қызметтен шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әскери қызметшіге ақшалай қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару арқылы оның ЖБҰБББ оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзім ішінде өз еркімен қайтару қажеттігі туралы хабарлама береді;

2) оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзімде ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) бастығына мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) заң қызметінің ЖБҰБББ оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке сот тәртібімен өтеуі туралы баянат ұсынады.

Баянатқа:
шығару туралы, оқытуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрықтың үзінділері;
білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың, келісімшарттың, жеке куәліктің көшірмелері;
қаржы қызметінің әскери қызметшіге төлем жүргізілгені туралы анықтамалары қоса беріледі.

11. Мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) заң қызметі әскери қызметшінің ЖБҰБББ оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтеу туралы баянат және қажетті құжаттар келіп түскенде заңнамамен белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде сотқа талап арыз береді.

1.1 Қазақстан Республикасының ЖБҰБББ әскери қызметшіні ________ жылы _________________________________________________ оқу орнының атауыақылы негізде оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде нақты шығындары туралы АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
әскери-тергеу органдарының
қатардағы және сержанттар
құрамының лауазымдарында
күнтізбелік есептеуде кемінде
сегіз жыл қызмет өткерген
келісімшарт бойынша әскери
қызмет өткеретін әскери
қызметшілердің
Қазақстан Республикасының
бакалавриат білім беру
бағдарламалары бойынша жоғары
білім беру ұйымдарында
(бұдан әрі –ЖБҰБББ) ақылы
негізде оқуға жұмсалатын
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен оқыту құнының елу
пайызы мөлшерінде өтеуі
туралы нұсқаулық
қосымша
«БЕКІТЕМІН»
___________________________
мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы
бастығы (командирі)
____________________________
әскери (арнайы) атағы,
қолы, тегі, аты-жөні
20 __ жылғы "____" ________
Қазақстан Республикасының ЖБҰБББ әскери қызметшіні
________ жылы _________________________________________________
оқу орнының атауыақылы негізде оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты есебінен оқыту
құнының елу пайызы мөлшерінде нақты шығындары туралы
АНЫҚТАМА

Әскери қызметшінің атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
ЖБҰБББ оқу курсы
Бір оқу жылының толық құны (теңге)
Төленген өтемақының мөлшері (теңге)
Төлемге арналған есепшоттың нөмірі, күні
1
Жиыны
Ескертпе: анықтаманы әскери бөлімнің қаржы бөлімшесі ағымдағы жылдың аяқталуы бойынша әрбір нақты өтемақы алушыға әзірлейді, содан соң кадр органына ұсынады.
Қаржы бөлімінің (қызметінің) бастығы
__________________________________________________________________
мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) атауы
___________________________________________________________________
әскери (арнайы) атағы, қолы, тегі, аты-жөні
20___жылғы «____» __________
М.О.