О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 2 июня 2016 года № 159 «Об утверждении схем и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 2 июня 2016 года № 159 «Об утверждении схем и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 159 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 14.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2023 190090_673356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SE765115
- ЭКБ идентификаторы
- 190090
- Редакция идентификаторы
- 190090_673356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:51
0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 159 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 159 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3797 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
3
«3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзбаған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген).»;
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
4
«4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1 1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2 2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3 3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);