О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 июня 2016 года № 234 «Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 июня 2016 года № 234 «Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 26.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2019 110237_389034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17NT000023
- ЭКБ идентификаторы
- 110237
- Редакция идентификаторы
- 110237_389034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:22
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығына (2016 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, даңғылы Мәңгілік Ел, ғимарат 8.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Міндеті: Тұрғын үй құрылысын дамыту.
Функциялары:
1) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;
4) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат жинау.».