Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 296 «Об утверждении Методики по формированию показателей инвестиционной деятельности»

Бұйрық · № 9 · қабылданған 27.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2016-no-296/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 296 «Об утверждении Методики по формированию показателей инвестиционной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·27.05.2022
27.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 296 «Об утверждении Методики по формированию показателей инвестиционной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 296 «Об утверждении Методики по формированию показателей инвестиционной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
27.05.2022
Көрсетілген редакция
27.05.2022 168308_577123.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028275
ЭКБ идентификаторы
168308
Редакция идентификаторы
168308_577123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:42

0 «Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әдістемені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде қолданады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Инвестициялық қызмет статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Орташа кәсіпорындар үшін инвестициялық салымдарды қайта бағалау алгоритмі ірі кәсіпорындар үшін ұқсас есеп болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша деректер өңірлер бойынша қайта бағалауды агрегациялау жолымен қалыптастырылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазақстан Республикасы бойынша толық емес қамтудың инвестициялық салымдарының қайта бағалау қорытынды қосындысы орташа және ірі кәсіпорындар бойынша барлық өңірлер бойынша толық емес қамтудың қайта бағалаудың қосындысына тең және келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
qd – Қазақстан Республикасында респонденттерді толық емес қамтудың инвестицияларды қайта бағалау көлемі;
qkr– ірі кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі;
qsred – орташа кәсіпорындар бойынша өңірлерде респонденттердің толық емес қамтудың инвестициялар көлемі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жылдық көлемге дейін инвестициялық салымдарды қайта бағалау салыстыру және жедел деректерді және тиісті жылғы жөнделген жылдық деректерді талдау жолымен анықталады.
Алғашқы статистикалық деректер деңгейінде жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кәсіпорындар каталогы және жедел деректердің кәсіпорындар каталогы салыстырылады. Жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқау бойынша есеп берген кәсіпорындардың инвестициялар көлемінің деректері, он екі айға бөлінеді және экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша қосылады.Қайта бағалау әрбір өңірдің ірі және орташа кәсіпорындары бойынша жүзеге асырылады.»;
23, 24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу кезінде есепті кезеңдегі деректер салыстырылатын кезеңнің салыстырмалы бағаларына дефляцияланады. Дефляторлар ретінде (баға индексі) баға статистикасы қалыптастыратын деректер пайдаланылады.
НКИ есептеу үшін негізгі капиталға салынған инвестициялардың егжей-тегжейлі активтерінің құрылымы пайдаланылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар мынадай компоненттерді қамтиды: құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындар; машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар; өзге де шығындар.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және күрделі жөндеуге арналған шығындар ғимараттар мен имараттарды көтеру, кеңейту, реконструкциялау, энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар кешеніне арналған шығындарды қамтиды, сонымен қатар тұрғын емес, тұрғын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу шығындары;
Өзге де шығындар - жобалау-іздестіру жұмыстарына авторлық қадағалауды, салынып жатқан объектілердің дирекцияларын ұстауға кеткен шығындар, сондай-ақ шаруашылық қызметте бір жылдан астам пайдаланылатын, иеліктен шығару қабілеті бар және кіріс әкелетін, бірақ материалдық-заттай құндылықтар болып табылмайтын, ұйымдар құрған немесе сатып алған объектілерге арналған шығындар.
24. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өткен айға, өткен жылғы тиісті кезеңге (айға, кезеңге өспелі жиынтығымен) және алдыңғы жылға қалыптасады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде есептеледі.
25. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ есептеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың компоненттеры бойынша көлемдер салыстырмалы бағаларға (активтердің түрлері бойынша тиісті баға индекстерін қолдана отырып) ауыстырылады және агрегатталады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шығындар құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған баға индексін, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар - машиналар мен жабдықтарға арналған мөлшерленген баға индексін (өндірілген және импортталатын) ескере отырып, салыстырмалы бағаларға, өзге де шығындарға арналған баға индекстерін пайдалана отырып, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындарға ауыстырылады.
26. Барлық компоненттер бойынша НКИ есептеу есепті кезең көлемдерінің салыстырмалы бағалардағы салыстырылатын кезең көлемдеріне ара қатынасымен жүргізіледі. Сол сияқты, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі салыстырмалы бағадағы салыстырылған кезеңнің көлемімен байланысты.»;
27- тармақ алынып тасталсын;
42-тармақ алынып тасталсын;
инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ішкі және сыртқы инвестициялық салымдарды қалыптастыру алгоритмі

Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 9 Басшысының
бұйрығына қосымша
Инвестициялық қызмет
статистикасының көрсеткіштерін
қалыптастыру бойынша
әдістемеге қосымша
Ішкі және сыртқы инвестициялық салымдарды қалыптастыру алгоритмі
Ин­ве­стор­лар
Сәй­кестен­ді­ру ко­ды
Негіз­гі ка­пи­тал­ға са­лын­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі
оның ішін­де
бюд­жет қа­ра­жа­ты
мен­шік­ті қа­ра­жат
банк кре­дит­те­рі
бас­қа да қарыз қа­ра­жа­ты
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
жер­гі­лік­ті бюд­жет
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де ше­тел­дік банк­тер
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де бей­ре­зи­дент­тер
1
2
3
4
5
6
7
8
Іш­кі
Мем­ле­кет­тік мен­шік
11
Х
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Же­ке мен­шік
15
Аза­мат­тар­дың мен­ші­гі
16
Х
Заң­ды тұ­лға­лар­дың мем­ле­кет­тік емес мен­ші­гі және олар­дың бір­ле­сті­гі
17
Мем­ле­кет­тің және ше­тел­дің қа­ты­суын­сыз кә­сі­по­рын­дар мен­ші­гі
19
Х
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Мем­ле­кет­тің қа­ты­суы­мен (ше­тел­дік қа­ты­суын­сыз) кә­сі­по­рын­дар­дың мен­ші­гі
23
Х
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Ше­тел­дік қа­ты­суы­мен бі­рік­кен кә­сі­по­рын­дар мен­ші­гі
28
Х
Х
Х/2
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Қо­ғам­дық мен­шік, оның ішін­де ді­ни бір­ле­стіктер­дің мен­ші­гі
29
Х
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған– 8 ба­ған
Ше­тел мен­ші­гі
32
Бас­қа мем­ле­кет, олар­дың заң­ды тұ­лға­лар­мен аза­мат­та­ры­ның мен­ші­гі
33
Ше­тел­дік мем­ле­кет­тің мен­ші­гі
34
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Ше­те лзаң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мен­ші­гі
36
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Ше­тел­дік же­ке тұ­лға­лар­дың мен­ші­гі
37
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Ха­лы­қа­ра­лық кә­сі­по­рын­дар­дың мен­ші­гі
38
Х
Х
5 ба­ған – 6 ба­ған
7 ба­ған – 8 ба­ған
Сырт­қы
Мем­ле­кет­тік мен­шік
11
Х
Х
Же­ке мен­шік
15
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды тұ­лға­лар­дың және олар­дың бі­рік­кен мен­ші­гі
17
Мем­ле­кет­тің және ше­тел­дің қа­ты­суын­сыз кә­сі­по­рын­дар мен­ші­гі
19
Х
Х
Мем­ле­кет­тің қа­ты­суы­мен, ше­тел­дік қа­ты­суын­сыз кә­сі­по­рын­дар­дың мен­ші­гі
23
Х
Х
Ше­тел­дік қа­ты­суы­мен бі­рік­кен кә­сі­по­рын­дар мен­ші­гі
28
Х/2
Х
Х
Қо­ғам­дық мен­шік, оның ішін­де ді­ни бір­ле­стіктер­дің мен­ші­гі
29
Х
Х
Ше­тел­дік мен­шік
32
Бас­қа мем­ле­кет, олар­дың заң­ды тұ­лға­лар­мен аза­мат­та­ры­ның мен­ші­гі
33
Ше­тел­дік мем­ле­кет­тің мен­ші­гі
34
Х
Х
Х
Ше­тел заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның мен­ші­гі
36
Х
Х
Х
Ше­тел­дік же­ке тұ­лға­лар­дың мен­ші­гі
37
Х
Х
Х
Ха­лы­қа­ра­лық кә­сі­по­рын­дар­дың мен­ші­гі
38
Х
Х
Х
Х – деректер ескеріледі

Қолданыстағы