Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 298 «Об утверждении Методики проведения выборочных обследований в растениеводстве и животноводстве»

Бұйрық · № 10 · қабылданған 15.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2016-no-298/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 298 «Об утверждении Методики проведения выборочных обследований в растениеводстве и животноводстве» Қолданыста Бұйрық ·№ 10 ·15.07.2022
15.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 298 «Об утверждении Методики проведения выборочных обследований в растениеводстве и животноводстве»

Қолданыста Бұйрық ·№ 10 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 298 «Об утверждении Методики проведения выборочных обследований в растениеводстве и животноводстве»
Атауы (қаз.)
«Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
15.07.2022
Көрсетілген редакция
15.07.2022 169902_584490.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028837
ЭКБ идентификаторы
169902
Редакция идентификаторы
169902_584490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:01

0 «Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 10 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 298 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдік және мал шаруашылығында
іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2 2. Осы Әдістемені өсімдік және мал шаруашылығында жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро), оның аумақтық бөлімшелері және интервьюерлер қолданады.

3

3. Әдістеме интервьюерлерді тартумен іріктеме негізінде өткізілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы ағымдағы (есепті жыл ішіндегі) және жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырудың және өткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды.

4 4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:

1 1) ауылшаруашылық кәсіпорны – ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

2 2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

3 3) бас жиынтық – сипаттамалары бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;

4 4) жеке каталог – нақты статистикалық байқауды жүргізуге арналған тиісті жіктелімдік атрибуттары бар зерттелетін бірліктер тізбесі;

5 5) жұртшылық шаруашылықтары – жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері;

6 6) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;

7 7) қызметтің қосымша түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдер өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрінен басқа қызмет түрі;

8 8) қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан артық болатын қызмет түрі;

9 9) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

10 10) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – зерттеуге қатысу үшін бас жиынтықтан белгілі бір рәсімнің көмегімен таңдалған көптеген жағдайлар (сыналатындар, объектілер, оқиғалар, үлгілер).

2 2-тарау. Бас жиынтық және өсімдік пен мал шаруашылығындағы статистикалық байқаулар үшін іріктеме қалыптастырудың критерилері

5

5. Ауыл шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқауларға (зерттеулерге) арналған бас жиынтық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша қызметті өсімдік шаруашылығы бойынша байқаулар үшін немесе ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және көбейту бойынша қызметті мал шаруашылығы бойынша байқаулар үшін қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері) тізбесін білдіреді.
Өсімдік және мал шаруашылықтарындағы зерттеулерге арналған бас жиынтықтар Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі негізінде қалыптастырылады, оны жүргізуді және өзектілендіруді статистикалық тіркелімдерді жүргізуге жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

6

6. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының (ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары) қызметі туралы статистикалық байқаулар үшін жеке каталогтарды қалыптастыру мақсатында әр аудан/қала деңгейінде бас жиынтық келесідей топтастырылады:

1 1) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылшаруашылық кәсіпорындары;

2 2) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

3 3) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

4 4) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

5 5) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

6 6) қалалық жерлердегі егістік көлемі, шабындығы және жайылымы, көпжылдық көшеттері бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;

7 7) ауылдық жерлердегі егістік көлемі, шабындығы және жайылымы, көпжылдық көшеттері бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;

8 8) қалалық жерлердегі мал мен құсы бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;

9 9) ауылдық жерлердегі мал мен құсы бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;

10 10) бақ және саяжай кооперативтерi.

7 7. Осы Әдістеменің 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы статистикалық байқауларды жүргізу кезінде байқаулармен толық қамтылады.

8

8. Осы Әдістеменің 6-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы статистикалық байқауларды өткізу кезінде іріктемелі негізде зерттеледі. Іріктеменің оңтайлы мөлшерін анықтау және көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін іріктемелі жиынтықтарды қалыптастыруды іріктемелерді қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады. Іріктемелі жиынтықтар өсімдік және мал шаруашылығы бойынша байқаулар үшін жыл сайын жаңартылады.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік жерлер, көпжылдық екпелер, шабындық және жайылымдардың бар болуы болып табылады.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий келесі ауыл шаруашылығы дақылдарының бір немесе бірнеше түрлерінің егістік алқабының болуы болып табылады:
дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақ дақылдары, оның ішінде бидай, жүгері, арпа, қара бидай, сұлы, тары, қарақұмық, кептірілген бұршақ дақылдары;
майлы дақылдар, оның ішінде күнбағыс;
күріш;
картоп;
ашық топырақтағы көкөніс;
бақша дақылдары;
мақта;
темекі;
қант қызылшасы;
саңырауқұлақ;
азықтық дақылдар;
гүлдер.
Сондай-ақ көпжылдық екпелердің, оның ішінде жүзім, шекілдеуікті және дәнекті жемістер, жидек дақылдары және жаңғақтардың болуы, шабындықтар мен көкөністер мен гүлдер өсіруге арналған жылыжайлардың болуы ескеріледі.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий келесі ауыл шаруашылығы жануарларының бір немесе бірнеше түрлерінің болуы болып табылады:
сүтті табынның ірі қара малы, оның ішінде сиырлар;
өзге де ірі қара мал мен енекелер, оның ішінде сиырлар;
сүтті-етті табынның ірі қара малы, оның ішінде сиырлар;
қойлар, оның ішінде саулық қойлар;
ешкілер, оның ішінде ешкілер;
жылқылар, оның ішінде биелер;
түйелер, оның ішінде інгендер;
шошқалар;
тауықтар;
күркетауықтар;
қаздар;
үйректер;
мысыр тауықтары;
үй қояндары;
бөденелер;
түйеқұстар;
қырғауылдар;
араның балұясы;
шаруашылықтарда өсірілген бұғылар;
торда өсірілетін терісі бағалы аңдар.
Ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық зерттеудің іріктемесіне түскен респонденттер тізімі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары бойынша әрбір аудан/қала үшін жеке қалыптастырылады және жергілікті жерлерде статистикалық байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін аумақтық статистика бөлімшелерінің басшыларына жеткізіледі және аумақтық статистика бөлімшелерінің сайтына орналастырылады.

9 9. Осы Әдістеменің 6-тармағы 6) және 10) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өсімдік және мал шаруашылығының статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы санағы кезінде, сондай-ақ біржолғы статистикалық байқаулар негізінде зерттеледі.

Өсімдік шаруашылығының көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпарат көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша санақ арасы кезеңінде Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімінің өзекті деректерін қолдану арқылы есепті түрде қалыптастырылады. Есептеу осы Әдістеменің 5-бөлімінде жазылған.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген мал шаруашылығы көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпарат санақаралық кезеңінде болмашы болып саналады және есепке алынбайды.

3 3-тарау. Өсімдік және мал шаруашылығында ірітемелі байқауларды өткізу кезіндегі интервьюерлердің іс-әрекеті

10 10. Осы Әдістеменің 6-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша алғашқы статистикалық деректер интервьюерлерді тарту арқылы жиналады.

11

11. Өсімдік немесе мал шаруашылығы бойынша нақты статистикалық байқауды өткізу үшін интервьюер аумақтық статистика бөлімшесінен статистикалық нысанның бланкісін және зерттеу өткізуге қажетті респонденттердің мекенжайын және бар болған жағдайда телефондарын көрсете отырып, респонденттер тізімін алады.
Егер іріктемелі жиынтықта нақты респонденттер тізбесі қамтылмай, іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшелері қалыптастырған елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны сауал салу басталатын шаруашылықтың реттік нөмірі және шаруашылыққа баруға тиісті қадам көлемі туралы ақпаратты қамтитын болса, аумақтық статистика бөлімшелері сол жерлерде интервьюерге арналған бағдарды құрастырады. Алдымен санау басталатын шаруашылық (көшесі және үй нөмірі) еркін түрде анықталады. Содан кейін бұл шаруашылықтан еркін бағытта (мысалы, бір көшені жағалай) сауал салу басталатын шаруашылықтың реттік нөміріне сәйкес келетін шаруашылықтар саны есептеледі. Нәтижесінде зерттеу өткізуге тиісті бірінші шаруашылық анықталады. Сауал салу үшін келесі шаруашылықтар іріктеменің қадамына сәйкес анықталады. Мал шаруашылығы бойынша зерттеу өткізу кезінде интервьюер қадам бойынша түскен ауыл шаруашылығы малдары жоқ шаруашылықтарды, өсімдік шаруашылығы бойынша зерттеулерді өткізу кезінде – ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктері жоқ шаруашылықтарды өткізіп жібереді. Өткізгеннен кейін, одан әрі іріктеме қадамы сақталады және нәтижесінде іріктемеде мәлімделген шаруашылықтар санына сауал салынады.
Мал шаруашылығы бойынша есепті жылдың екінші, үшінші және төртінші тоқсандарында зерттеулер өткізу кезінде есепті жылдың бірінші тоқсанында сұралған шаруашылықтарға сауал салынады.

12 12. Интервьюерге іріктемеге түскен респондентпен байланыс орнатуға мүмкін болмаған жағдайда не респондент зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда интервьюер іс-әрекетінің келесі нұсқалары көзделген:

1 1) егер іріктемеде нақты шаруашылықтар тізімі болса, онда есеп бермеген шаруашылықтарды басқаларға ауыстыруға жол берілмейді, интервьюер зерттеу құралында осы респонденттің себебін көрсетумен жауабы жоқ екендігі туралы белгі соғады;

2

2) егер іріктеме елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны және шаруашылыққа баруға тиісті қадам мөлшері туралы ақпаратты қамтитын болса, онда табылмаған немесе сауал салуға қатысудан бас тартқан шаруашылықтар интервьюерге бөлінген бағдар шеңберіндегі көрші шаруашылыққа ауыстырылады, нәтижесінде іріктемеде көзделген шаруашылықтар санына сауал салынады.

13 13. Респонденттерге сауал салуды аяқтағаннан кейін интервьюер Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей толтырылған нысандардың бланкілерін аумақтық статистика бөлімшелеріне тапсырады.

4 4-тарау. Өсімдік және мал шаруашылығындағы іріктемелі зерттеу деректерін бас жиынтыққа тарату әдістері

14 14. Өсімдік және мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқаулар деректерін бас жиынтыққа тарату стастистикалық нысанда көзделген барлық көрсеткіштер бойынша нақтылауды есепке ала отырып, аудан/қала деңгейінде жүргізіледі.

15

15. Егер қалыптастырылған іріктемеде нақты шаруашылықтар тізбесін қамтитын болса, тарату іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі іріктемелі жиынтықты қалыптастыру кезінде есептелетін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушілер өлшемін және аудан/қала үшін түзету коэффициентін қолдану арқылы жүзеге асырады. Таратылған әр көрсеткіш мәні мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
– таратылған j-көрсеткіштің мәні;
– іріктемедегі j-көрсеткіштің i-шаруашылығы бойынша мәні;
– i-шаруашылықтың мәні;
– іріктемедегі шаруашылық саны;
– түзету коэффициенті.
Түзету коэффициенттері іріктеме критерийі ретінде анықталған әрбір көрсеткіш үшін аудан/қала деңгейінде, сондай-ақ тарату кезінде қолданылатын қосымша көрсеткіштер үшін мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– j-көрсеткіші үшін түзету коэффициенті;
– тіркелім деректері бойынша i-шаруашылықтағы j-көрсеткіштің мәні;
– i-шаруашылықтың мөлшері;
– іріктемедегі шаруашылықтар саны;
– бас жиынтықтағы шаруашылықтар саны.
Егер зерттеу нәтижелері бойынша есеп бермеген шаруашылықтар бар болса, түзету коэффициентері есеп берген шаруашылықтарды ескере отырып қайта саналады.

16

16. Егер қалыптастырылған іріктеме елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны туралы ақпаратты ғана қамтыған жағдайда іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі іріктемелі жиынтықты қалыптастыру кезінде есептелетін әрбір елді мекен үшін есептелетін тарату коэффициенттерін қолдану арқылы тарату жүзеге асырылады. Таратылған әрбір көрсеткіштің мәні мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
– j-таратылған көрсеткіштің мәні;
– i-елді мекендегі іріктеме бойынша j-көрсеткіштің сомалық мәні;
– i-елді мекен үшін тарату коэффициенті;
– іріктемедегі елді мекендер саны;
– түзету коэффициенті.
(3) формулада қолданылатын түзету коэффициенті іріктеме критерийі ретінде анықталған әрбір көрсеткіш үшін аудан/қала деңгейінде, сондай-ақ тарату кезінде қолданылатын қосымша көрсеткіштер үшін зерттеу деректерін алғаннан кейін мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– іріктеменің j-көрсеткіші үшін түзету коэффициенті;
– тіркелім деректері бойынша i-елді мекендегі j-көрсеткіші бойынша мән;
– зерттеу нәтижелері бойынша i-елді мекендегі j-көрсеткіші бойынша сомалық мән;
– i-елді мекені үшін тарату коэффициенті;
– іріктемедегі елді мекендер саны;
– бас жиынтықтағы елді мекендер саны.

17

17. Өсімдік шаруашылығы бойынша статистикалық зерттеулерде түзету коэффициенттері ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы, көпжылдық екпелер, жылыжайлар алқабы туралы деректер бойынша есептеледі. Өсімдік шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқау үшін түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы дақылдары түрінің тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
Ауылшаруашылық дақылдарының өзге де түрлері бойынша (мысалы, өзге майлы дақылдар) түзету коэффициенттері екі кезеңде есептеледі.
Бірінші кезеңде Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері бойынша есепті түрде бас жиынтықта осындай дақылдарының егістік алқабы топ бойынша (мысалы, барлық майлы дақылдар) жиынтық алқап пен осы топ бойынша (мысалы, рапс, күнбағыс, мақсары тұқымдары) Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімінде бар жеке түрлері алқабының сомасы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Іріктеме шеңберінде өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы осыған ұқсас анықталады.
Екінші кезеңде алынған деректерді қолданумен (4) формула бойынша түзету коэффициенті есептеледі.
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық байқауларда түзету коэффициенттері ауыл шаруашылығы жануарларының жекелеген түрлерінің саны туралы деректер бойынша есептеледі. Мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы малдары түрлерінің тізбесі осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

18

18. Әрбір есептелген түзету коэффициенті бір немесе бірнеше статистикалық байқау көрсеткіштеріне қолданылады. Өсімдік шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу осы Әдістемеге 3-қосымшада, мал шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу – осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Егер статистикалық байқаудың көрсеткішінде осы Әдістемеге келтірілген белгілі бір түзету коэффициентіне байланыс болмаса, түзету коэффициенті 1-ге тең деп саналады.

19

19. Зерттеуде көзделген бас жиынтыққа таратылған барлық статистикалық көрсеткіштерді қалыптастырғаннан кейін жариялауға көзделген туынды көрсеткіштерді (мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі, ауыл шаруашылығы жануарларының орташа өнімділігі, ауыл шаруашылығы өнімінің бір центнерін өндіруге кеткен шығындар) есептеу жүзеге асырылады.

5 5-тарау. Өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу

1 1-параграф. Бақ және саяжай кооперативтерiнде, өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу

20

20. Ауыл шаруашылығы санақтары арасындағы кезеңде жыл сайын өсімдік шаруашылығының негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісінде бақ және саяжай кооперативтері бойынша есепті деректер қалыптастырылады, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егісті және жиналған алқабы, көпжылдық дақылдардың алқабы, бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау.
Көрсеткіштер жалпы бақ және саяжай кооперативтері бойынша аудандар/қалалар деңгейінде есепті жылға қалыптастырылады және басқа шаруашылық санаттары бойынша тиісті көрсеткіштерге өсімдік шаруашылығында барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша біртұтас көрініс алу мақсатында қосылады.

21

21. Ауыл шаруашылығы дақылдарының біртұтас жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқабы есепті жылға бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауыл шаруашылығы жерлері туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері және соңғы ауыл шаруашылығы санағы немесе біржолғы статистикалық байқаулардың деректері бойынша бақ және саяжай учаскелері жерлерін пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Ауылшаруашылық санағын өткізгенге дейінгі кезеңде дақыл түрлері бойынша бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқаптарының құрылымы алдыңғы жылдың құрылымына тең деп саналады. Ауылшаруашылық санағын жүргізгеннен кейін бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған алаңының құрылымы ауылшаруашылық санағының қорытындыларына сәйкес айқындалады.

22 22. Бақ және саяжай кооперативтеріндегі жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы осы Әдістеменің 21-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылының нақтыланған егістік алқабына тең деп қабылданады.

23 23. Бақ және саяжай кооперативтеріндегі жекелеген жеміс беретін жастағы көпжылдық екпелердің алқабы осы Әдістеменің 21-тармағына сәйкес есептелген тиісті көпжылдық екпелердің алқабына тең деп қабылданады.

24

24. Жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жалпы жинау осы Әдістеменің 22-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы туралы деректер және есепті жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша іргелес өңірлердің бірінде жеке қосалқы шаруашылықтарда қалыптасқан бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігі туралы деректер бойынша анықталады.

2 2-параграф. Қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу

25

25. Ауыл шаруашылығы санақтары арасындағы кезеңде жыл сайын өсімдік шаруашылығының негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісінде қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша есепті деректер қалыптастырылады, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егісті және жиналған алқабы, көпжылдық дақылдардың алқабы, бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау.
Көрсеткіштер жалпы жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша қалалар деңгейінде есепті жылға қалыптастырылады.

26

26. Ауыл шаруашылығы дақылдарының біртұтас жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқабы есепті жылға қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы жерлері туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері және соңғы ауылшаруашылық санағы немесе біржолғы статистикалық байқаулардың деректері бойынша қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары жерлерін пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Ауылшаруашылық санағын өткізгенге дейінгі кезеңде дақыл түрлері бойынша қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқаптарының құрылымы алдыңғы жылдың құрылымына тең деп саналады. Ауылшаруашылық санағын жүргізгеннен кейін қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған алаңының құрылымы ауылшаруашылық санағының қорытындыларына сәйкес айқындалады.

27

27. Қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы жекелеген ауылшаруашылық дақылдарының жиналған алқабы, жекелеген жеміс беретін жастағы көпжылдық екпелердің алқабы осы Әдістеменің 26-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылының нақтыланған егістік алқабына және тиісті көпжылдық екпелердің алқабына тең деп қабылданады.

28

28. Қалалық жерлердегі жекелеген ауылшаруашылық дақылдарын бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жалпы жинау осы Әдістеменің 27-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы туралы деректер және есепті жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша іргелес өңірлердің бірінде жеке қосалқы шаруашылықтарда қалыптасқан бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігі туралы деректер бойынша анықталады.

6 6-тарау. Қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары, бақ және саяжай кооперативтері бойынша егістік алқаптарының құрылымы бойынша алдын ала деректерді қалыптастыру

29 29. Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы бойынша алдын ала есепті жылғы деректер осы Әдістеменің 6-тармағының 2) (қалалық жердегі) және 6) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша есепті жолмен қалыптастырылады.

Көрсеткіш есепті жылға жеке қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары, қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары және бақ және саяжай кооперативтері бойынша тиісті аудан/қаланың еркін деңгейінде қалыптастырылады және өсімдік шаруашылығында барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша біртұтас көрініс қалыптастыру мақсатында басқа шаруашылық санаттары бойынша тиісті көрсеткіштерге қосылады.

30

30. Ауылшаруашылық дақылдарының алдын ала егістік алқабы бойынша есепті жылғы деректер егістік жерлер туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркеліміндегі деректер негізінде немесе егістік жерлер туралы деректер жоқ болған жағдайда тиісінше ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері санатындағы ауыл шаруашылығы жерлері туралы деректер негізінде және соңғы ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері бойынша жерді пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Қосымша әкімшілік деректер (бар болған жағдайда) қолданылады.

31

31. Есепті жылы қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша дақыл түрлері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының құрылымы өткен жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша анықталған тиісті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері санаттарындағы нақтыланған егістік алқабының тиісті құрылымына тең деп қабылданады. Қосымша әкімшілік деректер (бар болған жағдайда) қолданылады.
Бақ және саяжай кооперативтеріндегі дақыл түрлері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының құрылымы өткен жылы жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы өсімдік шаруашылығы бойынша өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша анықталған нақтыланған егістік алқабының құрылымына сәйкес деп қабылданады.

1 Өсімдік шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы дақылдары түрінің тізбесі

Өсімдік және мал
шаруашылығында
іріктемелі зерттеу өткізу
әдістемесіне
1-қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға
арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы дақылдары түрінің тізбесі
Ата­уы
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ко­ды
Негіз­гі
Дән­ді (кү­ріш­ті қо­с­па­ған­да) және бұр­шақ да­қыл­да­ры
01
Би­дай
02
Жү­ге­рі (ма­ис)
03
Ар­па
04
Қа­ра би­дай
05
Сұ­лы
06
Қо­нақ жү­ге­рі
07
Та­ры
08
Қа­ра­құ­мық
09
Три­ти­ка­ле (би­дай-қа­ра би­дай бу­да­ны)
10
Ма­сақ­ты­лар қо­спа­сы
11
Жа­сыл ірі бұр­шақ кө­кө­ні­сте­рі (жа­ңа піс­кен)
12
Кеп­ті­рі­л­ген бұр­шақ­ты кө­кө­ні­стер
13
Өзге дән­ді да­қыл­дар
14
Май­лы да­қыл­дар
Соя бұр­шақ­тар
15
Жер­жаң­ға­ғы, қа­бығ­ы­мен
16
Ша­шақ­ты зығ­ыр­дың тұқым­да­ры
17
Қы­ша тұқым­да­ры
18
Рапс тұқым­да­ры
19
Күн­ба­ғы­стың тұқым­да­ры
20
Мақ­са­ры тұқым­да­ры
21
Өзге май­лы да­қыл­дар
22
Ақ­тал­ма­ған кү­ріш
23
Кө­кө­ніс
Қы­рық­қа­бат
24
Бұ­ры­штар
25
Ашық то­пы­рақ­тың қи­яр­ла­ры
26
Ба­ял­ды­лар
27
Ашық то­пы­рақ­тың қы­за­нақ­та­ры
28
Ас­қа­бақ
29
Кә­ді­лер
30
Ас­ха­на­лық сә­біз
31
Са­рым­сақ
32
Ба­сты пи­яз
33
Шал­ғам, шо­мыр
34
Ас­ха­на­лық қы­зы­л­ша
35
Өзге кө­кө­ні­стер
36
Бақ­ша да­қыл­да­ры
37
Кар­топ
38
Қант қы­зы­л­ша­сы
39
Са­ңы­ра­у­құ­лақ­тар
40
Те­ме­кі
41
Тұқы­мы­нан та­за­лан­ған неме­се та­за­лан­ба­ған мақ­та
42
Азық­тық да­қыл­дар
Азық­тық та­мы­р­же­мі­сті да­қыл­дар
43
Азық­тық бақ­ша да­қыл­да­ры
44
Азық­тық дән­ді да­қыл­дар
45
Азық­тық дән­ді бұр­шақ да­қыл­да­ры
46
Сүр­лем­ге ар­нал­ған азық да­қыл­да­ры (жү­ге­рі­сіз)
47
Азық­тық жү­ге­рі
48
Өзге азық­тық да­қыл­дар
49
Ке­сі­л­ген гүл­дер және түй­нек­тер; гүл­дер­дің тұқым­да­ры
50
Кө­п­жыл­дық да­қыл­дар
Жү­зім
51
Ал­ма­лар
52
Ал­мұрт­тар
53
Өрік
54
Шие
55
Шаб­да­лы
56
Қа­ра өрік
57
Же­мі­стер және жи­дек­тер
Таң­қу­рай
58
Қой бүл­дір­ген (құл­пы­най)
59
Қа­ра­қат
60
Өзге де же­мі­стер және жи­дек­тер
61
Жаң­ғақ­тар (же­у­ге бо­ла­тын жа­байы жаң­ғақ­тар, жер жаң­ғақ­тар мен ко­кос жаң­ғақ­та­ры­нан бас­қа)
62
Өзге кө­п­жыл­дық да­қыл­дар
63
Қор­ғал­ған то­пы­рақ­та өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стер
64
Қор­ғал­ған то­пы­рақ­та өсі­рі­л­ген гүл­дер
65

2 Мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы малдары түрлерінің тізбесі

Өсімдік және мал
шаруашылығында
іріктемелі зерттеу өткізу
әдістемесіне
2-қосымша
Мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға
арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы малдары түрлерінің тізбесі
Ата­уы
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ко­ды
Негіз­гі
Сүт­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
01
Сүт­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
02
Өзге де ті­рі ірі қа­ра мал мен ене­ке­лер
03
Ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
04
Сүт­ті-ет­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
05
Сүт­ті-ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
06
Жыл­қы­лар және өзге де жыл­қы тек­тес жа­ну­ар­лар, ті­рі
07
Би­е­лер
08
Түй­е­лер және түйе тә­р­із­ді­лер, ті­рі
09
Ін­ген­дер
10
Ті­рі қой­лар
11
Са­улық қой­лар
12
Ті­рі еш­кі­лер
13
Ана­лық еш­кі­лер
14
Ті­рі шош­қа­лар
15
Ті­рі та­уық­тар
16
Ті­рі күр­ке­та­уық қо­раз­да­ры
17
Ті­рі қаз­дар
18
Үй­рек­тер
19
Мысыр та­уық­та­ры
20
Ті­рі үй қо­ян­да­ры
21
Бө­де­не­лер
22
Түй­е­құ­стар
23
Қыр­ғауыл­дар
24
Ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген бұ­ғы­лар
25
Ара­ның бал ұя­сы
26
Қо­сым­ша
Сүт­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры, Ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры,
Сүт­ті-ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
27
Ті­рі қой­лар және ті­рі еш­кі­лер
28
Сүт­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі, Өзге де ті­рі ірі қа­ра мал мен ене­ке­лер, Сүт­ті-ет­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі, Жыл­қы­лар және өзге де жыл­қы тек­тес жа­ну­ар­лар, ті­рі, Түй­е­лер және түйе тә­р­із­ді­лер, ті­рі
29
Тор­да өсі­рі­ле­тін те­рі­сі ба­ға­лы аң­дар, ті­рі үй қо­ян­да­ры
30

3 Өсімдік шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу

Өсімдік және мал
шаруашылығында
іріктемелі зерттеу өткізу
әдістемесіне
3-қосымша
Өсімдік шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың
тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу
Зерт­те­уде­гі ста­ти­сти­ка­лық көр­сет­кіш­тер
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ко­ды1
Шық­пай қал­ған жа­з­дық да­қыл­дар­дың егіс ал­қа­бы, шар­шы метр;
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның нақ­ты­лан­ған егіс ал­қа­бы, шар­шы метр;
Же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның жи­нал­ған ал­қа­бы, шар­шы метр;
Ал­ғаш­қы кі­ріс­ке алын­ған сал­мақ­та­ғы же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның жал­пы тү­сі­мі, кг;
Өң­де­уден кей­ін­гі сал­мақ­та­ғы же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның жал­пы тү­сі­мі, кг;
Эко­ло­ги­я­лық та­за ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­рын жал­пы жи­нау, кг;
Қо­рек­тік заттар­дың 100 %-на қай­та есеп­те­ген­де­гі ауыл ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­на ми­не­рал­дық ты­ңайт­қы­штар­ды се­бу, кг;
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­на ор­га­ни­ка­лық ты­ңайт­қы­штар­ды се­бу, кг;
Ми­не­рал­дық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған ашық то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр;
Ор­га­ни­ка­лық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған ашық то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр;
Өт­кі­зі­л­ген өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің құ­ны, мың тең­ге;
Өт­кі­зі­л­ген өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің өзін­дік құ­ны, мың тең­ге
Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы негіз­гі өнім­де­рі­нің шы­ғын­да­ры, кг;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы негіз­гі өнім­де­рі­нің қор­ла­ры, кг;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар, мың тең­ге:
АШӨ­СЖ2 сәй­кес ти­іс­ті ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры бой­ын­ша
02-49
Ашық то­пы­рақ­та өсі­рі­л­ген гүл­дер­ді жал­пы жи­нау, мың да­на:
АШӨ­СЖ сәй­кес гүл­дер­дің бар­лық тү­рі бой­ын­ша
50
Са­бан­ды ұсақ­тау және ша­шу ар­қы­лы жи­нал­ған дән­ді да­қыл­дар ал­қа­бы, шар­шы метр
01
Се­бу ке­шен­де­рі­мен, сон­дай-ақ ті­ке­лей сеп­кіш­тер­мен се­бі­л­ген дән­ді да­қыл­дар ал­қа­бы, шар­шы метр
01
Құ­ра­мын­да гли­фо­са­ты бар гер­би­цид­тер­мен өң­дел­ген дән­ді да­қыл­дар ал­қа­бы, шар­шы метр
01
Кө­п­жыл­дық кө­шет­тер ал­қа­бы, шар­шы метр;
же­міс са­лу жа­сын­да кө­п­жыл­дық кө­шет­тер ал­қа­бы, шар­шы метр;
Ал­ғаш­қы кі­ріс­ке алын­ған сал­мақ­та­ғы же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның жал­пы тү­сі­мі, кг;
Же­міс са­лу жа­сын­да­ғы кө­п­жыл­дық кө­шет­тер ал­қа­бы­нан жи­нал­ған жал­пы тү­сім, кг:
АШӨ­СЖ сәй­кес кө­п­жыл­дық да­қыл­дар­дың ти­іс­ті түр­ле­рі бой­ын­ша
51-63
Кө­кө­ніс өсі­ру­ге ар­нал­ған жы­лы­жай­лар­дың жал­пы ала­ңы, шар­шы метр;
Кө­кө­ніс өсі­ру­ге ар­нал­ған жы­лы­жай­лар­дың пай­да­ла­ны­ла­тын ал­қа­бы, шар­шы метр
64
Қор­ғал­ған то­пы­рақ­та­ғы же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­рын жал­пы жи­нау, кг;
Ми­не­рал­дық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған жа­бық то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр;
АШӨ­СЖ сәй­кес қор­ғал­ған то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ні­стер­дің бар­лық тү­рі бой­ын­ша
Ор­га­ни­ка­лық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған қор­ғал­ған то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр:
АШӨ­СЖ сәй­кес қор­ғал­ған то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ні­стер­дің бар­лық тү­рі бой­ын­ша
64
Гүл өсі­ру­ге ар­нал­ған жы­лы­жай­лар­дың жал­пы ала­ңы, шар­шы метр;
Гүл өсі­ру­ге ар­нал­ған жы­лы­жай­лар­дың пай­да­ла­ны­ла­тын ал­қа­бы, шар­шы метр
65
Қор­ғал­ған алаң­да өсі­рі­л­ген гүл­дер­ді жал­пы жи­нау, мың да­на;
Ми­не­рал­дық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған жа­бық то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр;
АШӨ­СЖ сәй­кес гүл­дер­дің бар­лық тү­рі бой­ын­ша
Ор­га­ни­ка­лық ты­ңайт­қы­штар­мен ты­ңай­ты­л­ған қор­ғал­ған то­пы­рақ­та­ғы ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ал­қа­бы, шар­шы метр:
АШӨ­СЖ сәй­кес гүл­дер­дің бар­лық тү­рі бой­ын­ша
65
_________________________
1 Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 1-қосымшаға сәйкес
2 мұнда және бұдан әрі АШӨСЖ – Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтердің) анықтамалығы

4 Мал шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу

Өсімдік және мал
шаруашылығында
іріктемелі зерттеу өткізу
әдістемесіне
4-қосымша
Мал шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың
тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу
Зерт­те­уде­гі ста­ти­сти­ка­лық көр­сет­кіш­тер
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің ко­ды3
Мал мен құ­стың са­ны, бас:
сүт­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
01
сүт­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
02
өзге де ті­рі ірі қа­ра мал мен ене­ке­лер
03
ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
04
сүт­ті-ет­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
05
сүт­ті-ет­ті та­бын­ның сиыр­ла­ры
06
жыл­қы­лар және өзге де жыл­қы тек­тес жа­ну­ар­лар, ті­рі
07
түй­е­лер және түйе тә­р­із­ді­лер, ті­рі
09
ті­рі қой­лар
11
ті­рі еш­кі­лер
13
ті­рі шош­қа­лар
15
ті­рі та­уық­тар
16
ті­рі күр­ке­та­уық қо­раз­да­ры
17
ті­рі қаз­дар
18
үй­рек­тер
19
мысыр та­уық­та­ры
20
ті­рі үй қо­ян­да­ры
21
бө­де­не­лер
22
түй­е­құ­стар
23
қыр­ғауыл­дар
24
ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген бұ­ғы­лар
25
Мал мен құ­стар­дың ша­ру­а­шы­лық­та сой­ы­л­ға­ны неме­се со­ю­ға өт­кі­зі­л­ге­ні, бас;
Мал мен құ­стар­дың ша­ру­а­шы­лық­та сой­ы­л­ға­ны неме­се со­ю­ға өт­кі­зі­л­ге­ні (ті­рідей сал­мақ­та), кг;
Мал мен құ­стар­дың ша­ру­а­шы­лық­та сой­ы­л­ға­ны неме­се со­ю­ға өт­кі­зі­л­ге­ні (сой­ыс сал­мақ­та), кг;
Кай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на ет­ті өт­кі­зу, кг;
Өзі­нің же­ке тұ­ты­ну­ға пай­да­ла­ны­л­ған ет, кг;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің құ­ны, мың тең­ге;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің өзін­дік құ­ны,мың тең­ге
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның негіз­гі өнім­де­рі­нің шы­ғын­да­ры, кг;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы негіз­гі өнім­де­рі­нің қор­ла­ры, кг;
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар, мың тең­ге:
сүт­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
01
өзге де ті­рі ірі қа­ра мал мен ене­ке­лер
03
сүт­ті-ет­ті та­бын­ның ірі қа­ра ма­лы, ті­рі
05
жыл­қы­лар және өзге де жыл­қы тек­тес жа­ну­ар­лар, ті­рі
07
түй­е­лер және түйе тә­р­із­ді­лер, ті­рі
09
ті­рі қой­лар
11
ті­рі еш­кі­лер
13
ті­рі шош­қа­лар
15
ті­рі та­уық­тар
16
ті­рі күр­ке­та­уық қо­раз­да­ры
17
ті­рі қаз­дар
18
үй­рек­тер
19
мысыр та­уық­та­ры
20
ті­рі үй қо­ян­да­ры
21
бө­де­не­лер
22
түй­е­құ­стар
23
қыр­ғауыл­дар
24
ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген бұ­ғы­лар
25
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің же­ке түр­ле­рін өн­ді­ру, кг;
Кай­та өн­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өт­кі­зу, кг;
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өзі­нің же­ке тұ­ты­ну­ға пай­да­ла­ны­л­ған ет, кг;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің құ­ны, мың тең­ге;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің өзін­дік құ­ны, мың тең­ге;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның негіз­гі өнім­де­рі­нің шы­ғын­да­ры, кг;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы негіз­гі өнім­де­рі­нің қор­ла­ры, кг;
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар мың тең­ге:
сүт­ті та­бын сиыр­ла­ры­ның ши­кі сү­ті
02
ет­ті та­бын сиыр­ла­ры­ның ши­кі сү­ті
04
сүт­ті-ет­ті та­бын сиыр­ла­ры­ның ши­кі сү­ті
06
би­е­нің ши­кі сү­ті
08
түйе жү­ні
09
түй­е­нің ши­кі сү­ті
10
ті­рі қой­дан қыр­қы­л­ған жүн, жуыл­ма­ған (то­бы­мен жуы­л­ған­ды қо­са ал­ған­да)
11
қой­дың ши­кі сү­ті
12
еш­кі жү­ні
13
еш­кі тү­бі­ті
13
еш­кі­нің ши­кі сү­ті
14
та­би­ғи бал
26
Бұ­за­улар мен то­рай­лар­ға сүт бе­ру­ге пай­да­ла­ны­л­ған сиыр сү­ті, кг
27
Ба­стап­қы өң­де­у­ге өт­кі­зі­л­ген жүн, кг
11
Жұ­мырт­қа өн­ді­ру, да­на;
Кай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на жұ­мырт­қа өт­кі­зу, да­на;
Өзі­нің же­ке тұ­ты­ну­ға пай­да­ла­ны­л­ған жұ­мырт­қа, да­на;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің құ­ны, мың тең­ге;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің өзін­дік құ­ны, мың тең­ге;
Жұ­мырт­қа шы­ғы­ны, да­на;
Жұ­мырт­қа­лар­дың қо­ры, да­на;
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар мың тең­ге:
та­уық­тың қа­бығ­ын­да­ғы жұ­мырт­қа­сы, жа­ңа жи­на­лып алын­ған
16
күр­ке­та­уық жұ­мырт­қа­сы
17
қаз жұ­мырт­қа­сы
18
үй­рек жұ­мырт­қа­сы
19
мысыр та­уық жұ­мырт­қа­сы
20
бө­дене жұ­мырт­қа­сы
22
түй­е­құс жұ­мырт­қа­сы
23
Ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген жа­ну­ар­лар­дың илен­бе­ген те­рі­сін және ба­ға­лы аң те­рі­сін өн­ді­ру, да­на;
Қай­та өн­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген жа­ну­ар­лар­дың илен­бе­ген те­рі­сін және ба­ға­лы аң те­рі­сін өт­кі­зу, да­на;
Өзі­нің же­ке тұ­ты­ну­ға пай­да­ла­ны­л­ған те­рі, да­на
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің құ­ны, мың тең­ге;
Өт­кі­зі­л­ген мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­нің өзін­дік құ­ны, мың тең­ге;
Илен­бе­ген те­рі­нің және ша­ру­а­шы­лық­та өсі­рі­л­ген ба­ға­лы аң те­рі­сі­нің шы­ғын­да­ры, да­на;
Илен­бе­ген те­рі­нің және ша­ру­а­шы­лық­тар­да өсі­рі­л­ген ба­ға­лы аң те­рі­сі­нің қо­ры, да­на;
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар, мың тең­ге:
ба­ға­лы аң те­рі­сі­нің (илен­бе­ген те­рі) ши­кі­за­ты, қо­зы те­рі­ле­рі­нен бас­қа
30
үй қо­ян­да­ры мен қо­ян­дар­дың те­рі­сі
21
ел­ті­рі­ден жа­сал­ған қо­зы те­рі­ле­рі
11
ірі те­рі­лер
29
ұсақ те­рі­лер
28
Сүт ба­ғы­тын­да­ғы та­бын­ның са­уын сиыр­ла­ры­ның ор­та­ша са­ны
02
Ет ба­ғы­тын­да­ғы та­бын­ның са­уын сиыр­ла­ры­ның ор­та­ша са­ны
04
Сүт­ті-ет­ті та­бын­ның са­уын сиыр­ла­ры­ның ор­та­ша са­ны
06
Жұ­мырт­қа­лай­тын та­уық­тар­дың ор­та­ша са­ны
16
Қыр­қы­л­ған қой са­ны
11
Ара бал ұя­сы­ның жал­пы са­ны
26
__________________________
3 Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу
әдістемесіне 2-қосымшаға сәйкес

Қолданыстағы