О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 2 марта 2016 года № 46/339-V «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 2 марта 2016 года № 46/339-V «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41/282-VI
- Қабылданған күні
- 15.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2020 136397_474551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VF006318
- ЭКБ идентификаторы
- 136397
- Редакция идентификаторы
- 136397_474551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:51
0 Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 4458 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 сәуірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешім қосымшасының 2 және 3 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
«2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орын: Аягөз қаласы: Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі «Ардагерлер» саябағы, Р. Қошқарбаев көшесіндегі «Аман» мәдениет және демалыс саябағы.
3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Аягөз қаласы: Абай бульвары – Б. Момышұлы көшесінің қиылысынан, Абай бульвары бойымен Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Ә. Тәңірбергенов көшесінің бойымен Абай бульвары қиылысына дейін қозғалу, Абай бульвары бойымен аудандық мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін төмен қарай қозғалу (Абай бульвары, 14).».