Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов»

Бұйрық · № 864 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2016-no-630-ekb-125232/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов» Қолданыста Бұйрық ·№ 864 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 864 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
864
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 125232_361043.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017571
ЭКБ идентификаторы
125232
Редакция идентификаторы
125232_361043
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:02

0

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:
11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау және ұсыну тәртібі»;
26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептілікке:
бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар;
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер;
бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек;
пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек;
1420 «Болашақ кезеңдердің шығыстары» шотында көрсетілген болашақ кезеңдердің шығыстары;
уақытша орналастырылған ақша бойынша кредиторлық берешек;
егер 5-ДБ-Б немесе 5-ДБ-Ө нысанында көрсетілген дебиторлық берешек танылғанда, бірмезгілде корреспонденциялау кезінде ол туындаған жағдайда 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотында көрсетілген бюджетпен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек сомалары қосылмайды.»;
29-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;
32-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
35-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар тоқсан сайын ұсынады.
Кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша:
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомствоға – есептіден кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ведомствоға – есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей;
ведомство республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есептер) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне – есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады;
Бухгалтерлік теңгерімдердің деректерімен салыстырып тексерілген кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді - 1 шілдедегі және 1 қаңтардағы жағдай бойынша:
бюджетті атқару бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ведомствоға – 20 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 15 ақпанға дейін;
ведомство – республикалық және жергілікті (облыстар бюджеттерінің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есеп) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне тиісінше 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 20 ақпанға дейін ұсынады.
37. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есептер) бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді және өзге қаражаттың есебінен пайда болған кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісінше 4-КБ-Б, 5-ДБ-Б, 4-КБ-Ө және 5-ДБ-Ө нысандар бойынша жасайды.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде трансферттер бойынша республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерiнің арасындағы есеп айырысулар оған енгiзiлмейдi.»;
77-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Бюджетаралық қатынастар трансферттермен және бюджеттiк кредиттермен реттеледi, шоғырландырылған, мемлекеттiк бюджеттердің, облыс бюджетiнiң және аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде олар бойынша қосарлы шотты алып тастау мақсатында олар республикалық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерін, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердi арифметикалық қосу жолымен алынған сомадан алып тастауға жатады.»;
91, 92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жиынтық) айлық/жылдық есептерді, кейінге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына енгізілген, ерекше маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептерді, жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган нысандар бойынша электрондық түрде ілеспе хатпен тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есептің) бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері жөніндегі деректерді қамтиды.
Есептердің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар жөніндегі деректерді қамтиды.
92. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға біріктірілген нысанда жібереді, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептердің бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын қамтиды, ал бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын қамтиды.
93. Мемлекеттік, республикалық, жергiлiктi бюджеттердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептер (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) электрондық түрде, осы Қағидаларға 48-тармаққа сәйкес бюджет құрылымы бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша бюджет түсімдерін және бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен ерекшеліктері бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, сондай-ақ бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде қалыптастырылады.
Мемлекеттік, (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы айлық/жылдық есептер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:
1) ведомство ұсынған республикалық бюджеттің көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерінің;
2) жергілікті уәкілетті органдары ұсынған жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің;
3) ведомство ұсынған 1-27 нысан бойынша жергiлiктi бюджеттердің көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерінің;
4) орталық уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі әзірлеген және АЖ-не енгізілген өзара өтелетін операциялар бойынша кодтарының кестесінің негізінде жасайды.»;
94-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ұсынған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;»;
105-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ДҚ нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп;»;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және жартыжылдық бюджеттік есептеріне есепті кезеңде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуына, сондай-ақ филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қаражат түсімдері мен шығыстарына әсер еткен негізгі факторлар баяндалған ақпарат қоса беріледі.»;
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы «_____» ____________

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Мерзімділігі
Нысандардың атаулары
айлық
тоқсандық
жартыжылдық
жылдық
1
2
3
4
5
жарты жылдық
жылдық
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп – 1-АҚ нысаны*
жарты жылдық
жылдық
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп –1- АҚ-УО нысаны**
жарты жылдық
жылдық
Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ-нысаны
жарты жылдық
жылдық
Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3- ӨШ-нысаны
тоқсандық
жылдық
Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б нысаны
тоқсандық
жылдық
Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны
тоқсандық
жылдық
Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны
тоқсандық
жылдық
Дебиторлық берешек туралы есеп –5-ДБ-Ө нысаны
айлық
жылдық
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды
тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, даму бюджеттік бағдарламаларын атқару туралы есеп – 6-ДББ нысаны
айлық
жылдық
Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға
бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер
айлық
жылдық
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп
айлық
жылдық
Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп
айлық
Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп – 4-20 нысаны
айлық
жылдық
Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі
Ескертпе:
*1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін
**1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін

2 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
2-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына
2-қосымша
р/с №
Есеп­тер ны­сан­да­ры­ның ата­уы
Есеп­тер­ді ұсы­ну ны­са­ны:
ММ
жер­гі­лік­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі
аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, ауыл­дар, кент­тер, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рі­нің ап­па­рат­та­ры
аудан­ның (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның) бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі жер­гі­лік­ті уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры
об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жетiн ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­дар
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган (ве­дом­ство­лар)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді) са­ту­дан түс­кен тү­сім­дер мен ақ­ша шы­ғы­ста­ры­ның жос­па­рын орын­дау ту­ра­лы есеп – 1-АҚ/1-АҚ-УО ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз)
2
Фи­лан­тро­пи­я­лық қыз­мет­тен және (неме­се) де­ме­у­ші­лік қыз­мет­тен және (неме­се) ме­це­нат­тық қыз­мет­тен және (неме­се) кі­ші отан­ға қол­дау көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тен ақ­ша тү­сі­мі және олар­дың жұм­са­луы ту­ра­лы есеп – 2-ДҚ ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз)
3
Өкіл­дік шы­ғын­дар­ға бө­лін­ген қа­ра­жат­тың пай­да­ла­ны­луы ту­ра­лы есеп – 3-ӨШ ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
-
-
-
4
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 4-КБ-Б-ны­са­ны
Элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы
Элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы - то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін)
5
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 4-КБ-Ө ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы –то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та
бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін)
6
Де­би­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 5-ДБ-Б ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы –то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та
бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін)
7
Де­би­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 5-ДБ-Ө ны­са­ны
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы және элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы -то­лық­кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та
бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін)
8
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­дің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп
-
-
-
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз­та­сығ­ы­шта
са­нат­та­ры, сы­нып­та­ры, кі­ші сы­нып­та­ры бой­ын­ша бюд­жет тү­сім­де­рін және бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рін және функ­ци­о­нал­дық топ­та­ры, функ­ци­о­нал­дық кі­ші топ­та­ры, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі, бағ­дар­ла­ма­лар, кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар (қа­ғаз та­сығ­ы­шта жыл­дық есеп) бой­ын­ша бюд­жет шы­ғы­ста­рын көр­се­те оты­рып, АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша
-
9
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет көр­сет­кіш­те­рі­нің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы де­ректер
-
-
-
-
-
ай­лық - ЭҚАБЖ ар­қы­лы бюд­жет­ке тү­сім­дер­ді қам­ти­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп бө­лі­мі бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма тү­сім­де­рі­нің са­нат­та­ры мен сы­нып­та­рын қам­туы, ал бюд­жет шы­ғы­ста­рын қам­ти­тын есеп бө­лім­де­рі бюд­жет шы­ғы­ста­ры сы­нып­та­ма­сы­ның функ­ци­о­нал­дық топ­та­рын және кі­ші топ­та­рын қам­туы ти­іс; жыл­дық – АЖ және ЭҚАБЖ ар­қы­лы то­лық кө­лем­де бо­луы ти­іс
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­тын­да­ғы ақ­ша қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы есеп
-
-
-
-
-
АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша
11
Жә­бір­ле­ну­ші­лер­ге өте­ма­қы қо­ры­ның тү­сім­де­рі мен пай­да­ла­ны­луы­ту­ра­лы есеп
-
-
АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша
12
Бюд­жет сы­нып­та­ма­сы жө­нін­де­гі шы­ғы­стар бой­ын­ша жиын­тық есеп (4-20-ны­са­ны)
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
АЖ ар­қы­лы
-
-
-
-
13
Есеп­ті де­ректер­ді са­лы­сты­рып тек­се­ру ак­ті­сі
-
-
-
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта
-

3 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қазанда
3-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Индекс: 2-ДҚ нысаны
Ұсынатын тұлғалар тобы:
мемлекеттік мекеме_________________________
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі________________________
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ______________
ведомство
Қайда ұсынылады: бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне/ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға/ ведомствоға
Бюджет түрі ___________________________________
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық
Ұсыну мерзімі:
- мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейді;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгілейді;
-аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерәкімдері аппараттары үшін аудан(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгiлейді;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар үшін облыс бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті орган белгiленеді;
- облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар үшін
есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 тамызынан кешіктірмей және 20 ақпанынан кешіктірмей;
- ведомство үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 тамызынан кешіктірмей және 25 ақпанынан кешіктірмей.
Бюджеттің түрі_________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
Атауы
Түсім
Жұмсалуы
Ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңінің аяғына ақша қалдығы(3- баған -7- баған)
барлығы
оның ішінде жылдың басына ақша қалдығы
ерекшелік
барлығы
оның ішінде бюджет кірісіне аударылғаны
коды
атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Барлығы
Ведомствоның /бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның/
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы
___________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты)
Есепті қалыптастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмше басшысы
___________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты)
Мемлекеттік мекеменің/бюджеттік
бағдарламалар әкімшісініңбасшысы
___________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Ескертпе: осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме келтірілді

Қолданыстағы