Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года»

Қаулы · № 436 · қабылданған 25.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2016-no-653-18-1997/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года» Қолданыста Қаулы ·№ 436 ·25.06.2019
25.06.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года»

Қолданыста Қаулы ·№ 436 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года»
Атауы (қаз.)
«1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
436
Қабылданған күні
25.06.2019
Көрсетілген редакция
25.06.2019 132703_411622.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000436
ЭКБ идентификаторы
132703
Редакция идентификаторы
132703_411622
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:23

0

«1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;
В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;
S – спрэд (CPC Blend CIF жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;
D – тауарды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
кемені жалдау бойынша шығыстар;
жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
сатып алушы маржасы;
порттық алымдар;
түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;
көлемі 85 мың тонна танкерлермен (CPC-85-135) жеткізілетін партияларға көлемі 135 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);
жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.
4. FOB шарттарымен кейіннен сату үшін Атырау – Самара бағыты бойынша Қара теңіз порттарына дейін шикі мұнайды жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;
В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;
S – спрэд (Urals RCMB жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;
K – егер шикі мұнайдың сапасы келісімшарт талаптары бойынша базалық тығыздық шегінің стандартты аралығынан жоғары/төмен болса (мысалы, Urals сұрыпты мұнай үшін 32.00-32.09 API градус), API градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция) сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі;
D – келісімшартта айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
кемені жалдау бойынша шығыстар;
жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
порттық алымдар;
түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;
көлемі 80 мың тонна танкерлермен (URL-80-135) жеткізілетін партияларға көлемі 140 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);
сатып алушы маржасы;
жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көлемі 80 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 140 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес URL-80-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, бағаның мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, бағаның мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Көлемі 85 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 135 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес СРС-85-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, баға мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, баға мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы