Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию»

Қаулы · № 653 · қабылданған 23.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2016-no-760/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию» Қолданыста 23.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию»

Қолданыста Қаулы № 653 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
653
Қабылданған күні
23.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.07.2026
Көрсетілген редакция
23.07.2026 228094_837240.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000653
ЭКБ идентификаторы
228094
Редакция идентификаторы
228094_837240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:45
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында:
4-тармақта:
3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
6) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді.
Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:
1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шетел азаматы және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;
3) қажет болған жағдайда шетел азаматына және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»;
14-тармақтың 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
5) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді. Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:
1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шетел азаматы және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмысқа орналасуға рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;
3) қажет болған жағдайда шетел азаматына және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.».

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.