О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 2 февраля 2017 года № 11/3 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Есильском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 2 февраля 2017 года № 11/3 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Есильском районе»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/4
- Қабылданған күні
- 22.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2023 174131_670084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22BK030692
- ЭКБ идентификаторы
- 174131
- Редакция идентификаторы
- 174131_670084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:51
0 Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 32/4 шешіміне
қосымша
Есіл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 2 ақпандағы
№ 11/3 шешіміне
қосымша
Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы Есіл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.