Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»

Бұйрық · № 420 · қабылданған 28.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2017-no-204-ekb-146783/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 420 ·28.09.2020
28.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 420 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
420
Қабылданған күні
28.09.2020
Көрсетілген редакция
28.09.2020 146783_483153.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021301
ЭКБ идентификаторы
146783
Редакция идентификаторы
146783_483153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:36

0 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтаманы.
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4) және
5) тармақшаларында көзделген адамдар осы іс-шаралардың алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтаманы ұсынады;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. ҰБТ-ға 4 сағат беріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 2 сағат беріледі.»;
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.»;
33-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) тестілеу процесін бейнебақылау жазбаларының сақталуы мен толықтығын, сондай-ақ бейнежазбалардың түсірілуін қамтамасыз етеді.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жіберу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін жасайды, түсуші осы тестілеуге кіргізілмейді.»;
49-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
«49. ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге рұқсат етілмейді:
аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
сөйлесуге;
орын ауыстыруға;
тестілеу материалдарымен алмасуға;
тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;
ғимаратқа және аудиторияға оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына;
тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға;
жауап парағының бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге;
қауіпсіздік жүйесін әдейі бүлдіруіне.
Бұл ретте аудиториядағы калькуляторларды пайдалануға жол беріледі.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.»;
63-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63-15. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:
компьютерлік сыныптан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
сөйлесуге, орын ауыстыруға;
тестілеу материалдарымен алмасуға;
тестілеу материалдарын компьютерлік сыныптан шығаруға;
ғимаратқа және компьютерлік сыныпқа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді.
Бұл ретте компьютер сыныбындағы калькуляторларды пайдалануға рұқсат етіледі.»;
Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 420 бұйрығына
қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және «Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
6-қосымша
нысан
Ұлт­тық бі­рың­ғай те­сті­леу өт­кі­зу пунк­ті/Ба­за­лық жо­ға­ры оқу ор­ны­_________________________
РҰҚ­САТ­ТА­МА
Те­сті­ле­ну­ші­нің же­ке ко­ды:
Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/Ту­ған кү­ні
Мөр ор­ны
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы­ның ко­ды:
Те­сті­леу тап­сы­ру ті­лі:
Пән­де­рі:
1)
2)
3)
4)
5)
Те­сті­леу кү­ні:
Ба­ста­лу уа­қы­ты:
Лек:
Өт­кі­зу ор­ны:
Ме­кен-жайы:
Ғи­ма­рат: Ауди­то­рия:
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы/Же­лі­лік жо­ға­ры оқу ор­ны қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның жа­у­ап­ты хат­шы­сы:: _________________________________
(қо­лы) (Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да))
Те­сті­леу нәти­же­ле­рі Ұлт­тық те­сті­леу ор­та­лы­ғы­ның www.​tes​tcen​ter.​kz сай­тын­да жа­ри­я­ла­на­ды
Тү­су­ші­ге жады­на­ма:
Тү­су­ші­де өзі­мен бір­ге те­сті­ле­у­ге кі­ру рұқ­сат­та­ма­сы және же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы (же­ке ку­ә­лік неме­се пас­порт) бо­луы қа­жет. Жа­сы 16-ға тол­ма­ған және же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­ты жоқ тү­су­ші мек­теп­ті ағым­да­ғы жы­лы бі­тір­ге­ні ту­ра­лы фо­то­су­ре­ті бар анық­та­ма бе­ре­ді. Құ­жат­тар­дың бі­ре­уі бол­ма­ған жағ­дай­да тү­су­ші те­сті­ле­у­ге жі­бе­ріл­мей­ді.
Тү­су­ші­ге ғи­ма­рат­қа тө­мен­де­гі тый­ым са­лын­ған заттар­ды: ақ­па­рат­тар­ды та­сы­мал­дау функ­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған ұя­лы бай­ла­ны­стар, оның ішін­де пей­джер, ұя­лы те­ле­фон­дар, план­шет­тер, iPad (Ай­пад), iPod (Ай­под), SmartPhone (Смарт­фон)), но­ут­бук­тер, плей­ер­лер, мо­дем­дер (мо­биль­ді ро­у­тер­лер), ра­дио-элек­трон­дық бай­ла­ны­стың бар­лық түр­ле­рі, оның ішін­де (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блю­туз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт са­ғат­тар, сым­ды және сым­сыз құ­лақ­қап­тар және та­ғы бас­қа­лар­ды алып кі­ру­іне рұқ­сат етіл­мей­ді.
Тү­су­ші­ге рұқ­сат бе­ріл­мей­ді:
1) ауди­то­ри­ядан дә­ліз ке­зек­ші­сі­нің мін­де­тін ат­қа­ра­тын Ми­ни­стр­лік өкі­лі­нің рұқ­са­тын­сыз және алып жү­ру­ін­сіз шы­ғу­ға;
2) сөй­ле­су­ге, орын ауы­сты­ру­ға;
3) ауди­то­ри­яда­ғы неме­се ком­пью­тер кла­сын­да­ғы каль­ку­ля­тор­лар­ды есеп­те­ме­ген­де, анық­та­ма­лық әде­би­ет­тер­ді (Мен­де­ле­ев және тұз­дар­дың ері­гіш­ті­гі кесте­сі­нен бас­қа­сын), элек­трон­дық жа­з­ба кі­тап­ша­ла­рын, тү­зе­ту сұй­ық­тығ­ын және мо­биль­дік бай­ла­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға;
4) те­сті­леу ма­те­ри­ал­да­ры­мен ал­ма­су­ға;
5) те­сті­леу ма­те­ри­ал­да­рын ауди­то­ри­ядан шы­ға­ру­ға;
6) те­сті­леу ма­те­ри­ал­да­рын (жа­у­ап па­ра­ғы мен кі­тап­ша­лар) умаж­дау ар­қы­лы бүл­ді­ру­ге;
7) кор­рек­тор сұй­ық­тығ­ын қол­да­ну­ға, бет­тер­ді жыр­ту­ға, бо­яу қа­рас­ты­рыл­ма­ған сек­тор­лар­ды (жа­у­ап па­ра­ғы­ның нө­мі­рі) бо­я­у­ға.
Тү­су­ші осы Қа­ғи­да­лар­ды бұз­ған жағ­дай­да, Ми­ни­стр­лік өкі­лі акт жа­сай оты­рып тү­су­ші­ні те­сті­ле­у­ге кір­гіз­бей­ді және (неме­се) ауди­то­ри­ядан шы­ға­ра­ды, тү­су­ші­нің те­сті­леу нәти­же­ле­рі жой­ы­ла­ды. Тү­су­ші сол те­сті­ле­у­ге және ағым­да­ғы жы­лы те­сті­ле­у­ге жі­бе­ріл­мей­ді.
Мен жады­на­ма­мен та­ны­стым және на­ра­зы­лық біл­дір­мей­мін.
Рұқ­сат­та­ма­да­ғы мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын.
Тү­су­ші­нің қо­лы
Ке­су сызығы
Ұлт­тық­бі­рың­ғай­те­сті­ле­уөт­кізу­пунк­ті/Ба­за­лы­қ­жо­ға­ры­о­қу­ор­ны _________________________
РҰҚ­САТ­ТА­МА­ТҮ­БІР­ТЕ­ГІ
Те­сті­ле­ну­ші­н­ің­же­ке­ко­ды:
Т.А.Ә. (бар­болған­жағ­дай­да)
Же­кес­әй­кестен­ді­ру­нө­мі­рі/Ту­ған­кү­ні
Мө­рор­ны
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы­ның ко­ды:
Те­сті­леу тап­сы­ру ті­лі:
Пән­де­рі:
1)
2)
3)
4)
5)
Те­сті­леу кү­ні:
Ба­ста­лу уа­қы­ты:
Лек:
Өт­кі­зу ор­ны:
Ме­кен-жайы:
Ғи­ма­рат: Ауди­то­рия:
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы/Же­лі­лік жо­ға­ры оқу ор­ны қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның жа­у­ап­ты хат­шы­сы: ________________________________

Қолданыстағы