Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»

Бұйрық · № 42 · қабылданған 09.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2017-no-204-ekb-164415/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 42 ·09.02.2022
09.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 42 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 «Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования и оказания государственных услуг «Выдача сертификата о сдаче единого национального тестирования»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
09.02.2022
Көрсетілген редакция
09.02.2022 164415_560206.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026774
ЭКБ идентификаторы
164415
Редакция идентификаторы
164415_560206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:31

0

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық парақ – таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;
2) арнайы пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;
3) ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз және электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;
4) базалық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-лар;
5) базалық ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
6) бейіндік пән – таңдаған оқу бейініне сәйкес терең академиялық білімінің тұрақтылығын анықтайтын пән саласындағы білім мен құзыретті барынша толық бағалауға бағытталған оқу пәні;
7) жалпы кәсіптік пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының жалпы кәсіптік пәндері бойынша білім мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;
8) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
9) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;
10) желілік ЖЖОКБҰ -лар – ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ -лар;
11) желілік ЖЖОКБҰ -лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ға қатысу үшін түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
12) қағаз форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленушіге сұрақ кітапшасын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;
13) нұсқаларды тарату парағы – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтың ұқсас бағыттарына түсушілер үшін кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
14) отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;
15) тестілеу әкімшісі – ҰБТӨП-те ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және аудитория мен дәліз бойынша кезекші қызметін атқарады;
16) ҰБТ – ЖЖОКБҰ-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
17) ҰБТӨП – ҰБТ өткізу пункті;
18) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсуге жол беретін әрбір пән бойынша және тестілеудің барлық пәндері немесе пәндері бойынша және білім берудің жекелеген салалары мен ЖЖОКБҰ-лар бойынша Үлгілік қағидаларда белгіленген балдардың ең төменгі сомасы;
19) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат). Сертификат ҰБТ қағаз форматта өткізілген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ҰБТ электрондық форматта өткізілген кезде 30 (отыз) жұмыс күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады;
20) электрондық форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленуші үшін компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;
21) тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тәртіпте тестіленушінің әрекеттері туралы жазбалар бар файл.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағаз және (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудиторияның;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның;
3) тестілеу тапсыру кезінде қосымша уақыт бөлудің қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.
5. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығымен ҰБТӨП базасында немесе базалық ЖЖОКБҰ-да немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау (қағаз және электрондық форматта) сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығы.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. SAT - ЭсЭйТи (Scholastic Assessment Test), ACT – ЭйСиТи (American College Testing), IB - АйБи (International Baccalaureate) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелері мен шекті балдары бар пәндер бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.
SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.
ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдарға балл Үлгілік қағидалардың 4-1 тармағына және 2-1-қосымшасына сәйкес (оқу сауаттылығы бойынша) есептеледі, бұл ретте SAT reasoning сертификатының балдары ғана ескеріледі.
SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін қағаз форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 және 30 сәуір аралығында және электрондық форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 мамыр бен 10 маусым аралығындағы мерзімдерде мәліметтер енгізуі және өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
ҰБТ – ға өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы күнтізбелік жылдың 30 маусымға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдардың тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін қарауға ұсынады. Шешім шығарылғаннан кейін сертификаттар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. ҰБТ-ға қатысу үшін қағаз немесе онлайн режимде өтініш білдіріп, оның нәтижелері бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысатын түсушілерге, рұқсаттамада немесе жеке кабинетінде көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:
1) денсаулық жағдайы бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;
2) тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;
3) төтенше жағдайлар кезінде.
Бұл ретте:
қағаз форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып мемлекеттік комиссия төрағасының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді;
электрондық форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді.»;
73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның оң шешімі туралы ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
ҰБТӨП пен базалық ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссия түсушіге апелляция қорытындысы туралы хабарлайды.
74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 24 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
2) күнтізбелік жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
3) күнтізбелік жылғы 1 мамыр мен 10 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
4) күнтізбелік жылғы 15 шілде мен 30 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.
Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын таңдай алады.
Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:
1) күнтізбелік жылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
2) күнтізбелік жылғы 1-31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
3) күнтізбелік жылғы 1-30 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.
75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және жеке басын растайтын құжат негізінде және он алты жасқа толмағандарға орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтамасы негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
Тестілеуге қосу кезінде қолмен және рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект). Сонымен қоса, келесі заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады:
шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор және басқалар.
Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына (электрондық форматта) металл іздегішпен анықталған кезде түсушіні ғимараттан шығару туралы» акт жасайды және түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.
Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)» жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.»;
78, 79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Тестілеуді бастау үшін түсушіге:
компьютер экранындағы өрісте жеке сәйкестендіру нөмірі мен паролін көрсету;
компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өту;
«ҰБТ тестілеу» интерфейсін ашу;
тестілеу тапсыру тілін таңдау, бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді;
бейіндік пәндер комбинациясын таңдау және таңдау дұрыстығын растау;
ҰБТ тапсыруға кірісу.
Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.
ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен аймақтық мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады. Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және аймақтық мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.
Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.
79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).
Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.
120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут.
Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.
80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:
аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;
сөйлесуге, орын ауыстыруға;
құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
құжаттарды және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға;
ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді;
тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;
тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.
Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі тестілеуді байқаушылармен бірлесіп аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды. Түсуші осы тестілеуге, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді. »;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде уәкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі аймақтық мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – аймақтық мемлекеттік комиссиялар) құрылады.
Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасы жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады.
Аймақтық мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.
Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.
Аймақтық мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.
Аймақтық мемлекеттік комиссия:
1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен алынып тасталды;
2) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;
3) ҰБТ өткізу пунктеріндегі санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы бойынша жоспарды жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен келісуді;
4) ҰБТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлермен және психологпен жұмысты;
5) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді;
6) тестілеу әкімшісімен бірлесіп электр қуаты ажыратылған немесе нәтижесінде тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасауды ұйымдастырады.
Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу барысына қатыса алмайды.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Осы Қағидалардың 81 және 82-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады. Электр қуаты ажыратылған жағдайда, тестіленушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптар, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады. Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.
Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары сақталмайды.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Ғимаратқа кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.
Электрондық форматтағы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.
ҰБТ-да Қағидалардың 75 және 80-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы және (немесе) әрекеттері анықталған жағдайда немесе тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығы Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) және растайтын материалдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.
Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.
Тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның төрағасы және мүшелерінің қолымен расталған осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес форма бойынша хаттамамен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның хаттамалары бір жылға тестілеуді ұйымдастыруға жауапты ұйымда сақталады.
Апелляция нәтижесі түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.»;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Ақпараттық жүйеде түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жүргізіледі»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 34-қосымша жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 32-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және «Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы то­бы­ның нө­мі­рі
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы
Бей­ін­дік пән­дер
1 бей­ін­дік пән
2 бей­ін­дік пән
В001
Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В002
Мек­теп­ке дей­ін­гі оқы­ту және тәр­би­е­леу
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В003
Ба­ста­уы­шта оқы­ту пе­да­го­ги­ка­сы мен әді­сте­ме­сі
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В004
Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В005
Дене шы­нық­ты­ру мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В006
Му­зы­ка мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В007
Көр­кем ең­бек және сы­зу мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В008
Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Гео­гра­фия
В009
Ма­те­ма­ти­ка мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В010
Фи­зи­ка мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
В011
Ин­фор­ма­ти­ка мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Ма­те­ма­ти­ка
Ин­фор­ма­ти­ка
В012
Хи­мия мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Хи­мия
Био­ло­гия
В013
Био­ло­гия мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Био­ло­гия
Хи­мия
В014
Гео­гра­фия мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Гео­гра­фия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
В015
Гу­ма­ни­тар­лық пән­дер мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Гео­гра­фия
В016
Қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Қа­зақ ті­лі
Қа­зақ әде­би­е­ті
В017
Орыс ті­лі мен әде­би­е­ті мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Орыс ті­лі
Орыс әде­би­е­ті
В018
Шет ті­лі мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
Ше­тел ті­лі
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
В019
Әле­умет­тік пе­да­го­ги­ка және өзін-өзі та­ну ма­ман­да­рын да­яр­лау
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В020
Ар­найы пе­да­го­ги­ка
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В021
Орын­да­у­шы­лық өнер
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В022
Му­зы­ка­та­ну
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В023
Ре­жис­су­ра, арт-ме­недж­мент
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В024
Өнер­та­ну
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В025
Ди­ри­жир­леу
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В026
Ком­по­зи­ция
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В027
Те­атр өне­рі
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В028
Хо­рео­гра­фия
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В029
Аудио­ви­зу­ал­ды құ­ры­л­ғы­лар және ме­диа өн­ді­ріс
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В030
Бей­не­леу өне­рі
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В031
Сән, ди­зайн
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В032
Фи­ло­со­фия және эти­ка
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Гео­гра­фия
В033
Дін­та­ну және тео­ло­гия
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В034
Та­рих және ар­хео­ло­гия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Гео­гра­фия
В035
Түр­кі­та­ну және шы­ғы­ста­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Ше­тел ті­лі
В036
Аудар­ма ісі
Ше­тел ті­лі
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
В037
Фи­ло­ло­гия
Қа­зақ/Орыс ті­лі
Қа­зақ/Орыс әде­би­е­ті
В038
Әле­умет­та­ну
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В039
Мә­де­ни­ет­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Ше­тел ті­лі
В040
Са­я­сат­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Ше­тел ті­лі
В140
Ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­стар және ди­пло­ма­тия
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Ше­тел ті­лі
В041
Пси­хо­ло­гия
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В042
Жур­на­ли­сти­ка және ре­пор­тер ісі
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В043
Кі­та­п­ха­на ісі, ақ­па­рат­тар­ды өң­деу және мұ­ра­ғат ісі
Қа­зақ/Орыс ті­лі
Қа­зақ/Орыс әде­би­е­ті
В044
Ме­недж­мент және бас­қа­ру
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В045
Аудит және са­лық са­лу
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В046
Қар­жы, эко­но­ми­ка, банк және сақ­тан­ды­ру ісі
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В047
Мар­ке­тинг және жар­на­ма
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В048
Ең­бек дағ­ды­ла­ры
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В049
Құқық
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Құқық негіз­де­рі
В050
Био­ло­ги­я­лық және са­бақ­тас ғы­лым­дар
Био­ло­гия
Хи­мия
В051
Қор­ша­ған ор­та
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В052
Жер ту­ра­лы ғы­лым
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В053
Хи­мия
Хи­мия
Био­ло­гия
В054
Фи­зи­ка
Фи­зи­ка
Ма­те­ма­ти­ка
В055
Ма­те­ма­ти­ка және ста­ти­сти­ка
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В056
Ме­ха­ни­ка
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В057
Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар
Ма­те­ма­ти­ка
Ин­фор­ма­ти­ка
В058
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік
Ма­те­ма­ти­ка
Ин­фор­ма­ти­ка
В059
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар және ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В060
Хи­ми­я­лық ин­же­не­рия және про­це­стер
Хи­мия
Фи­зи­ка
В061
Ма­те­ри­ал­та­ну және тех­но­ло­ги­я­лар
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В062
Электр тех­ни­ка­сы және энер­ге­ти­ка
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В063
Электр тех­ни­ка­сы және ав­то­мат­тан­ды­ру
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В064
Ме­ха­ни­ка және ме­талл өң­деу
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В065
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В066
Те­ңіз кө­лі­гі және тех­но­ло­ги­я­ла­ры
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В067
Әуе кө­лі­гі және тех­но­ло­ги­я­ла­ры
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В167
Ұшу ап­па­рат­та­ры мен қоз­ғалт­қы­штар­ды ұшу­да пай­да­ла­ну **********
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В068
Азық-тү­лік өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі
Био­ло­гия
Хи­мия
В069
Ма­те­ри­ал­дар өн­ді­рі­сі (шы­ны, қа­ғаз, пла­стик, ағаш)
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В070
То­қы­ма: ки­ім, аяқ ки­ім және бы­л­ға­ры бұй­ым­да­ры
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В071
Тау-кен ісі және пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В072
Фар­ма­цев­ти­ка­лық өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы
Хи­мия
Био­ло­гия
В073
Сәу­лет
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В074
Қа­ла құ­ры­лы­сы, құ­ры­лыс жұ­мыста­ры және аза­мат­тық құ­ры­лыс
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В075
Ка­дастр және жер­ге ор­на­ла­сты­ру
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В076
Стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия (са­ла бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В077
Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Хи­мия
В078
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Хи­мия
В079
Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В080
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы
Био­ло­гия
Хи­мия
В081
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В183
Аг­ро­ин­же­не­рия
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В082
Су ре­сур­ста­ры және су­ды пай­да­ла­ну
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В083
Ве­те­ри­на­рия
Био­ло­гия
Хи­мия
В084
Мей­ір­гер ісі
Био­ло­гия
Хи­мия
В085
Фар­ма­ция
Био­ло­гия
Хи­мия
В086
Жал­пы ме­ди­ци­на
Био­ло­гия
Хи­мия
В087
Сто­ма­то­ло­гия
Био­ло­гия
Хи­мия
В088
Пе­ди­ат­рия
Био­ло­гия
Хи­мия
В089
Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау
Био­ло­гия
Хи­мия
В090
Әле­умет­тік жұ­мыс
Био­ло­гия
Гео­гра­фия
В091
Ту­ризм
Гео­гра­фия
Ше­тел ті­лі
В092
Ты­ны­ғу
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
В093
Мей­рам­ха­на ісі және мей­ман­ха­на биз­не­сі
Гео­гра­фия
Ше­тел ті­лі
В094
Са­ни­тар­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка
В095
Кө­лік қыз­мет­те­рі
Ма­те­ма­ти­ка
Гео­гра­фия
В096
Құқық қор­ғау қыз­ме­ті
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
Құқық негіз­де­рі
В097
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі
Ма­те­ма­ти­ка
Фи­зи­ка

2 Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы Акт

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
2-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және «Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 34-қосымша
Нысан
Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы Акт
_______________________________________________________________
(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті атауы)
"____"_________________20____жыл. ___________сағат______минут
Тестілеу администраторы________________________________________
(Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))
Бақылаушы ____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу уақытында түсушіден: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________,
Тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі_________________ №___ аудитория, №___ орын,
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының 81-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін
төмендегі заттар табылды:
__________________________________________________________________
(табылған заттың атауы, маркасы, саны.) және / немесе тестілеу жүйесіне
сырттан араласу әрекеті және өзге де бұзушылықтар)
Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады:
тестілеу материалдарын алу; түсушіні:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________, тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________ №_____ аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_________________________________________,
Тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________
__________________________________________________________________
(осы актіні құрған тұлғалардың, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолдары)
Актімен таныстым:
_________________________________________________________________
(түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)
Актімен таныстым:
Тестілеу администраторы ________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)
М.О ҰБТӨП
Күні:__________________

3 Тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге ауыстыру актісі

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 42 бұйрығына
3-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және «Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
32-1-қосымша
Нысан
Тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге ауыстыру актісі
_______________________________________________________________
(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің атауы)
Күні "____"___________ 20_____ жыл. Уақыты "_______" сағат " ____" минут
Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасымен _____________________________________,
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Тестілеу администраторымен ______________________________________,
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Бақылаушымен ______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
тестілеу кезінде тестілеу процесін тоқтату және басқа күнге ауыстыру актісі жасалынды:
ҰБТӨП коды
ҰБТӨП атауы
Күні
Тестілеуді тоқтатудың және басқа күнге ауыстырудың уақыты
Тестілеуді тоқтатудың және басқа күнге ауыстырудың себебі
Актімен танысты:
________________________________________________________________________________
(Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы)
_______________________________________________________________
(Тестілеу администраторының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы)
_______________________________________________________________
(Бақылаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы)
МӨ ҰБТӨП

Қолданыстағы