О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 255 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2017 года № 255 «Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1100
- Қабылданған күні
- 19.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2025 213593_772205.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0001100
- ЭКБ идентификаторы
- 213593
- Редакция идентификаторы
- 213593_772205
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:43
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 7-4 және 7-5-тармақтармен толықтырылсын:
«7-4. Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес далалық төлемдер жүзеге асырылады.
Далалық төлемдерді әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде ағымдағы ай үшін ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта өткен ай үшін әскери қызметші қызмет өткеретін әскери бөлім (мекеме) төлейді.
Далалық төлемдер:
1) егер ол туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығында көрсетілген қызметтік міндетті орындау тұрақты орналасу пунктінен немесе тұрғылықты жерінен тыс жерде үздіксіз болуды талап етпесе, тұрақты орналасу пунктіне немесе тұрғылықты жеріне күн сайын қайтып оралуға мүмкіндігі бар;
2) жауынгерлік даярлық бойынша міндеттерді пысықтау үшін әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынсыз бір тәуліктен артық мерзімге оқу-жаттығу орталықтарына, полигондарға, қосалқы әуеайлақтарға шығарылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
3) арнайы далалық жұмыстар уақыты үшін;
4) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығына далалық шығуға оны өткізу кезеңінде тартылатын бөлімше құрамына енгізілмеген әскери бөлімнің (кәсіптік білім беретін әскери білім беру мекемесінің) тұрақты орналасу пунктінен тыс орналасқан оқу-жаттығу орталықтарында, кәсіптік білім беретін әскери оқу орындарының оқу әскери бөлімдерінде, лагерьлерде, полигондарда, қосалқы әуеайлақтарда штаттық әскери лауазымдарды атқаратын әскери қызметшілерге төленбейді.
7-5. Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан көп жыл болатын азаматтардың, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушылардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітін тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Әскери қызметтен шығарылған азаматтардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды төлеуді қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлік берілген орын бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жүргізеді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай үлес Қағидалардың 26-1-тармағына сәйкес төленген соманы алып тастап, командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;