О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 404 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов, военнослужащих срочной службы и военнослужащих, проходящих воинскую службу в резерве, денег за счет бюджетных средств за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 404 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов, военнослужащих срочной службы и военнослужащих, проходящих воинскую службу в резерве, денег за счет бюджетных средств за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 857
- Қабылданған күні
- 03.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2026 I228498_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26B0000857
- ЭКБ идентификаторы
- 228498
- Редакция идентификаторы
- I228498_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:31
0
«Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;