О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 404 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 404 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 517
- Қабылданған күні
- 05.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2025 209938_757149.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0000517
- ЭКБ идентификаторы
- 209938
- Редакция идентификаторы
- 209938_757149
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:38
0
«Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы
2 тамыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізгені үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін бюджет қаражаты есебінен ақша төлеу тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге және мерзімді әскери қызметтен Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу үшін мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:
1) баянатты (өтінішті);
2) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің, әскери қызметтен шығарылған адамның кетуі мен келуі туралы бұйрығынан үзіндіні және нұсқаманың көшірмесін.
Өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарады.».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу:
1) әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімде (мекемеде) немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органында;
2) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған жеткізу жағдайынан басқа, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Отбасының екі мүшесі де әскери қызметші болып табылған жағдайда ақша төлеу екеуінің біреуіне ғана олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының), жергілікті әскери басқару органы басшысының өз мүлкін жеткізу үшін ақша төлеу туралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымал бойынша іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;