О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 406 «Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 406 «Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте»
- Атауы (қаз.)
- «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 847
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228393_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26B0000847
- ЭКБ идентификаторы
- 228393
- Редакция идентификаторы
- I228393_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 03:30
0 «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:
4, 5 және 9, 10-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әскери қызметшілердің қызметтік іссапарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің демалысқа және кері қарай немесе басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқанда мемлекеттік авиацияның әуе кемесімен жол жүруіне ол маршруттың бастапқыдан соңғы пунктіне дейін жолшыбай бағыттағы рейсті орындаған жағдайда жол беріледі, бұл ретте жол жүру үшін жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Құрылымдық бөлімшенің тура бастығы қол қойған жол жүру мақсаты туралы ақпарат қоса берілетін әскери қызметшінің жол жүруге баянаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына жіберіледі.
Әуе кемесіне отырғызу алдында:
1) әскери қызметші – ұшу мақсатын растайтын құжатты (іссапар куәлігін, демалыс билетін, жаңа қызмет орнына ауысу туралы нұсқаманы, әскери-дәрігерлік комиссияға (госпитальға жатуға) жолдаманы, шығару эпикризін);
2) әскери қызметшінің отбасы мүшелері – жеке куәлігі мен туыстық дәрежесін куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс.
Растау құжаты болмаған жағдайда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жеткізу жүзеге асырылмайды.
Бұл ретте әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін мемлекеттік авиация кемесімен бөлек жеткізуге жол берілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;