О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 марта 2017 года № 52 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 марта 2017 года № 52 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 25.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2023 187681_662622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23TS000257
- ЭКБ идентификаторы
- 187681
- Редакция идентификаторы
- 187681_662622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:40
0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет және Министрлік тиісінше) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асырады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі».»;
15-тармақтың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Комитетінің қарамағындағы ұйымдарының тізбесі:
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».».