О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 марта 2017 года № 52 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 марта 2017 года № 52 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 17.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2024 201852_724373.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24TS000184
- ЭКБ идентификаторы
- 201852
- Редакция идентификаторы
- 201852_724373
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:10
0 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет және Министрлік тиісінше) туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асырады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаттары:
1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
«2) туристік қызмет саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
«3) құзыреті шегіндегі Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.»;
15-тармақ:
17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 41), 54), 55) және 56) тармақшалары алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;