О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 2 мая 2017 года № 9/114 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Каракиянского районного маслихата от 2 мая 2017 года № 9/114 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/219
- Қабылданған күні
- 08.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2019 124261_393521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MD003702
- ЭКБ идентификаторы
- 124261
- Редакция идентификаторы
- 124261_393521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:33
0 Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114
«Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/114 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3370 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 маусымда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда бұл қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қатысушы мәлімдеген баға бойынша сатылады;».
2 2. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде
және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Әбілов Баймұрат Көбейұлы
_______________
8 тамыз 2018 жыл