О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 2 мая 2018 года № 1109 «Об установлении публичного сервитута»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 2 мая 2018 года № 1109 «Об установлении публичного сервитута»
- Атауы (қаз.)
- «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1333
- Қабылданған күні
- 12.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2019 129244_390518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006683
- ЭКБ идентификаторы
- 129244
- Редакция идентификаторы
- 129244_390518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:07
0 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы»
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 1109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 1109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6295 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес экспликация бойынша «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамына «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 4 (төрт) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамы «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспликация бойынша «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамына
«Сары-Арқа» магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан
4 (төрт) жыл мерзімге қауымдық сервитут».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.