Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 117 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость и критериев степени риска»

Бұйрық · № 1009 · қабылданған 16.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-117/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 117 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость и критериев степени риска» Қолданыста Бұйрық ·№ 1009 ·16.11.2018
16.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 117 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость и критериев степени риска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1009 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 117 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость и критериев степени риска»
Атауы (қаз.)
«Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1009
Қабылданған күні
16.11.2018
Көрсетілген редакция
16.11.2018 126136_372574.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017791
ЭКБ идентификаторы
126136
Редакция идентификаторы
126136_372574
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:36

0 «Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау

мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын
және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16410 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары мен тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мынадай:
ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады.
Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалаудың нәтижелері бойынша алынған балдардың жиынтық қорытындысы нөлге теңеледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне табыс етуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы