О внесении изменений в решение районного маслихата от 2 марта 2018 года № 137 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Кобдинского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 2 марта 2018 года № 137 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Кобдинского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Қобда мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 ««Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 11.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2022 166512_568845.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CG00173M
- ЭКБ идентификаторы
- 166512
- Редакция идентификаторы
- 166512_568845
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:33
0 Қобда мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 ««Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 ««Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-156 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде (бұдан әрі - Әдістеме):
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі, не ол болмаған жағдайда - персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (мәслихат аппаратының бас маманы) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.»;
41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, мәслихат аппаратының бас маманы және басқа екі қызметшісі қол қоятын еркін нысанда акт жасалады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.»;
42-тармақ алынып тасталсын.