Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/186 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу»

Өзге акт · № 10/88 · қабылданған 06.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-22186-ekb-157915/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/186 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу» Қолданыста Өзге акт ·№ 10/88 ·06.08.2021
06.08.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/186 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу»

Қолданыста Өзге акт ·№ 10/88 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/186 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу»
Атауы (қаз.)
«Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10/88
Қабылданған күні
06.08.2021
Көрсетілген редакция
06.08.2021 157915_534468.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21MC01088M
ЭКБ идентификаторы
157915
Редакция идентификаторы
157915_534468
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:15

0 «Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін

бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы
2 мамырдағы № 22/186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бейнеу аудандық мәслихатының «Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/186 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3605 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешіммен бекітілген Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:  бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Бейнеу ауылының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
Бейнеу ауылы әкімінің Бейнеу ауылының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
Бейнеу ауылы бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Бейнеу ауылы бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Бейнеу ауылы коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Бейнеу ауылы әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің Бейнеу ауылының әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Бейнеу ауылы әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.«Заңның 39-3-бабының 3 тармағы 4-3 тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
«Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.».
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауыл әкіміне беріледі.
Бейнеу ауылы әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның мәслихатының қарауына беріледі.»;
«12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Бейнеу ауылы әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Бейнеу ауылы әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы