О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/187 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества села Боранкул»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года № 22/187 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества села Боранкул»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/187 «Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/15
- Қабылданған күні
- 05.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2023 181168_630121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23MC00215M
- ЭКБ идентификаторы
- 181168
- Редакция идентификаторы
- 181168_630121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:13
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы №22/187 «Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы №22/187 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
3 тармақта:
тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын.