Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 311 · қабылданған 18.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-442-ekb-168078/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 311 ·18.05.2022
26.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 311 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
311
Қабылданған күні
18.05.2022
Көрсетілген редакция
26.06.2024 168078_709378.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028172
ЭКБ идентификаторы
168078
Редакция идентификаторы
168078_709378
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:53

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ҚР ҚК-да мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі:
1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жерүсті авиациялық мамандарынан басқа):
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)»;
2) ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«ұшқыш (штурман) – мерген»;
3) авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандары лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«тәлімгер (шебер)»;
4) әскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне және ҚР ҚК қатарында қатардағы жауынгерлер, сержанттар құрамы лауазымдарында әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге «3-сыныпты маман».»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әскери қызмет міндеттерін орындаудан ішінара босатылуға мұқтаж әскери қызметші әйелдер «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес «дене шынықтыру дайындығы», «саптық даярлық», «оқ ату даярлығы» оқыту пәндері бойынша қорытынды тексеруді тапсыру кезінде бағаланбайды.
Сыныптық біліктілікті растау осы Қағидаларда белгіленген қалған оқыту пәндерінің нәтижесі бойынша жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы