Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 154 · қабылданған 16.02.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-442/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 154 ·16.02.2024
26.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 154 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июля 2018 года № 442 «Об утверждении Правил определения классной квалификации военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
16.02.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 193769_709380.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24B0000154
ЭКБ идентификаторы
193769
Редакция идентификаторы
193769_709380
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:10

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, бас басқармаларының, орталықтарының бастықтарына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің, қорғаныс істері департаменттерінің бастықтарына;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы мен бастықтарына, ҚК бас басқармаларының бастықтарына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығына сыныптық біліктілікті айқындау үшін Жоғары біліктілік комиссиясы тағайындалады. Жоғары біліктілік комиссиясының отырысына сыныптық біліктілік беру туралы материалдарды дайындауды және ұсынуды ҚР ҚК Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті жүзеге асырады. Жоғары біліктілік комиссиясының жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы