Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Макатского района от 2 апреля 2018 года № 52 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Макатского района»

Қаулы · № 21 · қабылданған 04.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-52/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Макатского района от 2 апреля 2018 года № 52 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Макатского района» Күшін жойған 18.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Макатского района от 2 апреля 2018 года № 52 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Макатского района»

Күшін жойған Қаулы № 21 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Макатского района от 2 апреля 2018 года № 52 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Макатского района»
Атауы (қаз.)
«Мақат аудандық әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
04.02.2022
Көрсетілген редакция
18.05.2023 164345_633974.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22TG00021A
ЭКБ идентификаторы
164345
Редакция идентификаторы
164345_633974
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мақат аудандық әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мақат аудандық әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4127 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақат аудандық әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемеснде:
5-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 43-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Т.Булекбаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.