Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 октября 2018 года № 530 «Об утверждении Перечня направлений подготовки кадров с высшим образованием, обучение по которым в формах экстерната и заочного обучения не допускается»

Бұйрық · № 169 · қабылданған 26.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-530-ekb-131042/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 октября 2018 года № 530 «Об утверждении Перечня направлений подготовки кадров с высшим образованием, обучение по которым в формах экстерната и заочного обучения не допускается» Қолданыста Бұйрық ·№ 169 ·26.04.2019
26.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 октября 2018 года № 530 «Об утверждении Перечня направлений подготовки кадров с высшим образованием, обучение по которым в формах экстерната и заочного обучения не допускается»

Қолданыста Бұйрық ·№ 169 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 октября 2018 года № 530 «Об утверждении Перечня направлений подготовки кадров с высшим образованием, обучение по которым в формах экстерната и заочного обучения не допускается»
Атауы (қаз.)
«Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
169
Қабылданған күні
26.04.2019
Көрсетілген редакция
26.04.2019 131042_403688.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018614
ЭКБ идентификаторы
131042
Редакция идентификаторы
131042_403688
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:11

0 «Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпараттық институты« шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 26 сәуірдегі № 169
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 2 қазандағы
№ 530 бұйрығымен бекітілген
Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының
тізбесі
1. Экс­тер­нат ны­са­нын­да оқы­ту­ға жол бе­ріл­мей­тін жо­ға­ры бі­лі­мі бар кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғыт­та­ры­ның тіз­бе­сі
Код
Жо­ға­ры бі­лі­мі бар кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты­ның ата­уы
6B061
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
6B062
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар
6B071
Ин­же­не­рия және ин­же­нер­лік іс
6B072
Өн­ді­рі­стік және өң­деу са­ла­ла­ры
6B073
Сәу­лет және құ­ры­лыс
6B074
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы
6B075
Стан­дарт­тау, сер­ти­фи­кат­тау және мет­ро­ло­гия (са­ла­лар бой­ын­ша)
6B081
Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы
6B082
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
6B083
Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы
6B085
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру
6B086
Су ре­сур­ста­ры және су­ды пай­да­ла­ну
6В091
Ве­те­ри­на­рия
6B101
Ден­са­улық сақ­тау
6В102
Әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету
6B111
Қыз­мет көр­се­ту са­ла­сы
6B112
Ги­ги­е­на және өн­ді­рі­сте ең­бек­ті қор­ғау
6B113
Кө­лік қыз­мет­те­рі
6B121
Әс­ке­ри іс
6B122
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік
6B123
Қо­ғам­дық қа­уіп­сіз­дік

Қолданыстағы