О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81 «2018 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 501
- Қабылданған күні
- 26.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2018 8829_380166.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CI000228
- ЭКБ идентификаторы
- 8829
- Редакция идентификаторы
- 8829_380166
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:44
0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81
«2018 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81 «Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 16 наурыздағы № 3-9-182 тіркелген, 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.».