Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год»

Қаулы · № 501 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2018-no-81-2018/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год» Қолданыста Қаулы ·№ 501 ·26.12.2018
26.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 501 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 2 марта 2018 года № 81 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2018 год»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81 «2018 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
501
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
26.12.2018 127381_380166.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CI000228
ЭКБ идентификаторы
127381
Редакция идентификаторы
127381_380166
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:42

0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81

«2018 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 81 «Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылғы 16 наурыздағы № 3-9-182 тіркелген, 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.».

2 2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Қобландинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы