О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 2 апреля 2018 года №645 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима города Актау», государственного учреждения «Аппарат акима села Умирзак» и городских исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 2 апреля 2018 года №645 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима города Актау», государственного учреждения «Аппарат акима села Умирзак» и городских исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №645 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02-02/431
- Қабылданған күні
- 29.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2022 166041_566569.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22MA20243A
- ЭКБ идентификаторы
- 166041
- Редакция идентификаторы
- 166041_566569
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:53
0
Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №645 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №645 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3572 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42- тармақ алынып тасталсын.