О внесении изменений в постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 2 августа 2019 года № 145 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 2 августа 2019 года № 145 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 145 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 16.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2022 165638_567198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SN027236
- ЭКБ идентификаторы
- 165638
- Редакция идентификаторы
- 165638_567198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:06
0
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 145 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 145 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
әкімдігінің
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 35
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 145 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:
1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4 4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің
маманы;