Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 186/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 228/НҚ · қабылданған 29.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2019-no-186-ekb-156714/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 186/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 228/НҚ ·29.06.2021
29.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 186/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 228/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 186/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 186/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
228/НҚ
Қабылданған күні
29.06.2021
Көрсетілген редакция
29.06.2021 156714_530518.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21IPM00228
ЭКБ идентификаторы
156714
Редакция идентификаторы
156714_530518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:44

0 «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының
2019 жылғы 2 тамыздағы № 186/НҚ бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 2 тамыздағы № 186/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2-тарауда:
14-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзу»;
11) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-9), 13-10), 13-11), 13-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-9) өз құзіреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
13-10) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
13-11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
13-12) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың бағаларын бекіту»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және жергілікті жерлерде әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дұрыс көрсетілуін және олардың картографиялық материалдарда көрсетілуін қадағалауды жүзеге асыру»;
15-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»
19-тарауда:
12) және 13) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
13) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысының бекітуіне енгізеді;»;
Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Казақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы