Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области

Қаулы · № 257 · қабылданған 14.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2019-no-213-ekb-159602/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области Қолданыста Қаулы ·№ 257 ·14.10.2021
14.10.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 257 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257
Қабылданған күні
14.10.2021
Көрсетілген редакция
14.10.2021 159602_541536.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21M000257A
ЭКБ идентификаторы
159602
Редакция идентификаторы
159602_541536
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:21

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4002 болып тіркелген) 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.»;
16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.»;
29 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаровқа жүктелсін.

Қолданыстағы