Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области»

Қаулы · № 61 · қабылданған 26.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2019-no-213-ekb-207903/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области» Қолданыста Қаулы ·№ 61 ·26.02.2025
26.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 61 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61
Қабылданған күні
26.02.2025
Көрсетілген редакция
26.02.2025 207903_747165.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25M000061A
ЭКБ идентификаторы
207903
Редакция идентификаторы
207903_747165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:55

0 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы №213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
5-тармақтағы «кәсіпкерлік және сауда мәселесі бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
15-1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«15-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді және өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарымен жүзеге асырылады.»;
15-2-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«15-2. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, астана халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.»;
келесідей мазмұндағы 15-8-тармақпен толықтырылсын:
«15-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) осы Қағидалармен реттеледі.»;
келесідей мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады»;
18-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«18. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесінен қалыптастырылады.»;
келесідей мазмұндағы 22-1 және 22-2-тармақтармен толықтырылсын:
«22-1. Азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
22-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауылшартауарынөндірушілердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді.
Егер ауылшартауарынөндіруші (қайта өңдеу кәсіпорны, азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізуші (дистрибьютор)) салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқтығы бойынша жиынтық талаптарға сәйкес келсе, онда қаржылық тұрақты болып саналады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы