О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 25.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2025 212046_764614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25M000145A
- ЭКБ идентификаторы
- 212046
- Редакция идентификаторы
- 212046_764614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:43
0 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
8, 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы) қамтамасыз етеді.
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;
13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Мамандандырылған ұйым Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы) электронды құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не басқармалардың кеңсесі арқылы қолма-қол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.»;
15-6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«15-6. Мамандандырылған ұйымдар Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.».