О внесении изменения в решение областного маслихата от 2 августа 2019 года № 455 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 2 августа 2019 года № 455 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 22.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2021 159999_544090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21C0025017
- ЭКБ идентификаторы
- 159999
- Редакция идентификаторы
- 159999_544090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:15
0 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
1 1. Облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Облыстық мәслихаттың
2021 жылғы 22 қазандағы
№ 72 шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 455 шешіміне қосымша
Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
1 1. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1 1) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2 2) әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
1 1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.