Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Бұйрық · № 198 · қабылданған 30.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2019-no-612-ekb-197292/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом» Қолданыста Бұйрық ·№ 198 ·30.05.2024
30.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 198 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
198
Қабылданған күні
30.05.2024
Көрсетілген редакция
30.05.2024 197292_705802.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034447
ЭКБ идентификаторы
197292
Редакция идентификаторы
197292_705802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:18

0 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
307-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 307-1-тармақпен толықтырылсын:
«307-1. Ағымдағы ағытып жөндеу жүргізу үшін ағытылған ақаулы жүк тиелген және бос меншікті вагондардан сақтау ақысы алынбайды.»;
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына сәйкес (Прейскурант) сақтау үшін үлкейтілген алымды жүк қабылдаушыны тиісті станциясына жүк келгені жөнінде хабарландырғаннан кейін қырық сегіз сағаттан асқаннан кейін он мәрте мөлшерінде қолданылады.
Жүктерді сақтау үшін үлкейтілген алымды есептеу күнтізбелік отыз күннен аспайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы