Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Бұйрық · № 52 · қабылданған 14.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2019-no-612-ekb-207149/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом» Қолданыста Бұйрық ·№ 52 ·14.02.2025
14.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 52 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
14.02.2025
Көрсетілген редакция
14.02.2025 207149_744742.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035729
ЭКБ идентификаторы
207149
Редакция идентификаторы
207149_744742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:05

0 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес бес еселенген мөлшерге дейін сақтау үшін ұлғайтылған алым жүк қабылдаушыны алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін межелі станцияға жүктің келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап қырық сегіз сағат өткен соң қолданылады. Жүктерді сақтау үшін алымның бес есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу жиырма төрт сағаттан аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 308-1-тармақпен толықтырылсын:
«308-1. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына (прейскурантына) сәйкес он еселенген мөлшерге дейін сақтау үшін ұлғайтылған алым жүк қабылдаушыны алымды ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін межелі станцияға жүктің келгені туралы хабардар еткен сәттен бастап жетпіс екі сағат өткен соң қолданылады.
Жүктерді сақтау үшін алымның он есеге дейін ұлғайтылған мөлшерін есептеу күнтізбелік отыз күннен аспайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы