О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 2 мая 2019 года № 73 «Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 2 мая 2019 года № 73 «Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 73 «2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 13.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2019 135939_426887.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005244
- ЭКБ идентификаторы
- 135939
- Редакция идентификаторы
- 135939_426887
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:53
0 Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 73 «2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17583 тіркелген «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы №73 «2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5022 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 мамырында жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының «2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері» қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
«Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы №73 «2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___»_____________№_____ қаулысына
7 Түркістан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы «2»
мамырдағы №73 қаулысына
қосымша
Түркістан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
«__» __________№____
қаулысына қосымша
2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№
Субсидия-
лау бағыты
Өлшем бірлігі
Субси-
дия көлемі
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық нормативі, килограмм
1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне жұмсалған шығынға шаққанда балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге
Субсидия-лар сомасы, мың тенге
1
Бекіре және оның буданы
тонна
22,2
1,5
285
9 504,3
2
Албырт және оның буданы
тонна
130,0
1,2
270
42 120,0
3
Тұқы және оның буданы
тонна
666,9
4
105
280 115,7
Барлығы
331 740,0