О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 октября 2019 года № 750 «Об утверждении Правил осуществления наземного обслуживания в аэропортах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 октября 2019 года № 750 «Об утверждении Правил осуществления наземного обслуживания в аэропортах»
- Атауы (қаз.)
- «Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 432
- Қабылданған күні
- 26.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 204949_737266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035537
- ЭКБ идентификаторы
- 204949
- Редакция идентификаторы
- 204949_737266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:03
0 «Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында:
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Әуежайларда әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету әуе кемелеріне авиациялық отын құюды және (немесе) сақтауды қамтамасыз етуді көздейтін жасалатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-қосымша мынандай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.»;
8-қосымшада 7) тармақша алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі