О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района от 2 июля 2020 года № 11 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района от 2 июля 2020 года № 11 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории сел Жибек-жолы и Сикым Жибек-жолынского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 «Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 29.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 146889_482930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UJF05819
- ЭКБ идентификаторы
- 146889
- Редакция идентификаторы
- 146889_482930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:35
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 11 «Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №08-02-03/335 ұсынысы негізінде, Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жібек-жолы ауылдық округі, Жібек-жолы ауылының Ю.Гагарин, Қ.Төлеметов көшелерінен және Сиқым ауылының Абай көшесінен шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2
2. Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №11 «Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы және Сиқым ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5691 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.