О внесении изменения в решение акима Бокейординского района от 2 ноября 2020 года № 14 «Об образовании избирательных участков на территории Бокейординского района»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 6
·
30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Бокейординского района от 2 ноября 2020 года № 14 «Об образовании избирательных участков на территории Бокейординского района»
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 18.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2022 173879_601034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZD030601
- ЭКБ идентификаторы
- 173879
- Редакция идентификаторы
- 173879_601034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:55
0 Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1 1. Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң «Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында:
№ 53 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 53 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 2 үй, «Бөкейордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Сайқын ауылы, М.Бегалиева, С.Сейфуллин, А.Оразбаева, А.Молдағұлова, Т. Масин, Жамбыл, М.Мәметова, М.Насимуллин, Жангелдин, Алаш Орда, Тәуелсіздік көшелері, Астана.».
2 2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөкей ордасы аудандық аумақтақтық
сайлау комиссиясы