Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Мактааральского района от 2 мая 2020 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации»

Өзге акт · № 8 · қабылданған 14.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2020-no-2/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Мактааральского района от 2 мая 2020 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации» Күшін жойған Өзге акт ·№ 8 ·14.05.2020
04.04.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Мактааральского района от 2 мая 2020 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Мактааральского района от 2 мая 2020 года № 2 «Об объявлении чрезвычайной ситуации»
Атауы (қаз.)
Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 7 «Төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
14.05.2020
Көрсетілген редакция
04.04.2022 142852_567990.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UG005619
ЭКБ идентификаторы
142852
Редакция идентификаторы
142852_567990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:32

0 Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 7 «Төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 мамырдағы №4 хаттамасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы №7 «Төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне (2020 жылғы 06 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Жаңажол ауылдық округі Жеңіс, Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Ақжол, Арайлы елді мекендерінде, Еңбекші ауылдық округі Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Жантақсай елді мекендерінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.».
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Төребеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.».

2 2. «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы