О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима сельского округа Шанак от 2 сентября 2020 года № 20 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории домов № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 улицы Е.Омарбекова населенного пункта Акжар, сельского округа Шанак Казыгуртского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима сельского округа Шанак от 2 сентября 2020 года № 20 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории домов № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 улицы Е.Омарбекова населенного пункта Акжар, сельского округа Шанак Казыгуртского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 20 «Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 20.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2020 148820_493236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UFM05898
- ЭКБ идентификаторы
- 148820
- Редакция идентификаторы
- 148820_493236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:38
0
Шектеу іс-шараларын алып тастау және Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 20 «Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 05 қарашадағы №02-05/334 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Бір бас ірі қара малдың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің №02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2
2. Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №20 «Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің №02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5770 болып тіркелген және 2020 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.