Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности»

Бұйрық · № 847 · қабылданған 07.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2-2020-no-250-ekb-161543/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 847 ·07.12.2021
07.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 847 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 250 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача специального разрешения на пролет над территорией запретных зон и зон ограничения полетов после согласования со Службой государственной охраны Республики Казахстан и с органами национальной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
847
Қабылданған күні
07.12.2021
Көрсетілген редакция
07.12.2021 161543_550864.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025740
ЭКБ идентификаторы
161543
Редакция идентификаторы
161543_550864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:19

0

«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.
4. Портал арқылы өтініш берген кезде, сұрау салуды алғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні туралы белгіні жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжатты одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолдау арқылы өтінішті қайтарады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоғарыда көрсетілген органдардан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жасайды.
Бұл ретте осы Қағидаларға стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әркетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұр ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 847 Бұйрыққа
1-қосымша
«Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Өтініш
Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) және/немесе ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруіңізді сұраймын.

1

1. Әуе кемесінің типі, әуе кемесiнiң тану индексi (әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiсi) (ұшқышсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi болмаған жағдайда ұшқышсыз ұшу аппаратының маркасы көрсетіледі) және мыналар көрсетілетін оны пайдаланушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға:
жеке тұлға үшін – иесінің тегі мен инициалдары, ЖСН;
заңды тұлға үшін – ұйымның атауы, БСН.

2

2. Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі (аймақтардың белгіленуі: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілгендей UAP- ..., UAR-......) ұшуға шектеу қойылған аймаққа кіру, одан шығу нүктелері (географиялық координаталарын көрсете отырып):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

3 3. Ұшуды орындау кезеңі (ұшуды бастау және аяқтау күнін көрсетумен, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс):

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

4 4. Ұшу мақсаты: ____________________________________________________________

________________________________________________________________________________
Өтінім берілген күні:______________________________________________________________
Жеке тұлға үшін: _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
Заңды тұлға үшін: ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы) (лауазымы) (қолы)

2 Бұйрыққа 2-қосымша

«Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Тый­ым са­лын­ған ай­мақ­тар мен ұшу­ға шек­теу қой­ы­л­ған ай­мақ­тар ау­ма­ғы­ның үсті­нен ұшып өту­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­мен және ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­мен ке­лі­сі­л­ген­нен кей­ін ар­найы рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­нің ата­уы
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол­же­тім­ді­лік ар­на­ла­ры)
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Тый­ым са­лын­ған ай­мақ­тар мен ұшу­ға шек­теу қой­ы­л­ған ай­мақ­тар ау­ма­ғы­ның үсті­нен ұшып өту­ге ар­найы рұқ­сат­ты бе­ру не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), же­ке кә­сіп­кер­ді тір­кеу не же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­с­та­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нен және/неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­рыл­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің те­ле­фон­да­ры, пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы